65. Тыңдайтын үшбұрыштар
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).
66. Ақпараттағы ақаулық
1-ші оқушыда ақпараттың 50 пайызы жазылған парақ бар. Ақпараттың қалған бөлігі 2-ші оқушыдағы парақта. Жұптағы екі оқушы бір-біріне өз бөлігіне қатысты түсініктеме береді (оны қағаздан көрсетпестен). Жұптар сыныппен кері байланыс орнатады.
67. Кабинет объектілерінің модельдері
Әрбір топ қораптағы заттарды пайдалана отырып, өздеріне берілген сұлбаны/жүйені/картаны дыбыстауы қажет (қажетсізін алып тастаңыз).
Ескерілуі тиіс:
·Сұлба қандай нысанда болуы тиіс?
·Бұл нысанды дыбыстау үшін нені пайдалана аламыз?
·Негізгі объектілерді қалай ұсына аламыз?
Достарыңызбен бөлісу: |