Бағдарлы-мотивациялық кезеңі.
1.Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
1.Мәнерлеп оқу.
2.Осы өлеңде қандай мамандықтар туралы айтылған?
3.Шығарма оқу «Қандай мамандық таңдадың?»
ІІІ. Жұмбақ жасыру.
Мына құралдар қай мамандық иесіне қажет?
(Суретте бояулар,планшет,қағаз,қарындаштар.)
-Бұл құралдар суретшіге қажет.
-Суретші деген кім?
ІV .Ой жинау.
-Кімге сурет салған ұнайды?
-Салған суреттерің өздеріңе әрқашанда ұнайды ма?
-Өз жұмыстарың ойдағыдай болу үшін не істеу керек?
-Әр адам суретші бола алады ма?
-Ол үшін қандай қасиеттер болу керек?
V..Кластер еңбекқор сезімтал
суретші
Ойы ұшқыр
талантты
ұқыпты байқампаз
VІ.Сурет өнерінің тарихы .Слайд көрсету.
VІІ.ҚР суретшілері.Ә.Кастеев,А.Қазығулов,Б.Тәбиев,С.Калмыков.Г.Ысмайылова.
Операциялық-орындаушылық кезеңі.
І.Мақсат қою
Біз бүгін «Сурет салғым келмейді» әңгімесін оқимыз.Әңгіменің тақырыбын ашып,оны өз ойымызбен аяқтаймыз.
ІІ.Автор туралы мәлімет.
Марат Қабанбай (1948-2000)-қазақ жазушысы,журналист һәм көсемсөз шебері.1948 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.Шығармалары: «Сары самауыр», «Бәрін,бәрін білгім келеді», «Жұмбақ қыз», «Бақбақ басы толған күн».
VI.Мәтінді оқу және мазмұны бойынша жұмыс жүргізу.
-Оқушылар қай үйірмеде отыр?
-Салауат ағай кім туралы айтты?
-Ана тақырыбын алғаш шырқаған кімдер екен?
-Қазақтың жас келіншегі қалай суреттелген?
-Кенеттен қандай жағдай болды?
-Ағай қандай сезімде болды?
VII.Әңгімені өз ойымен аяқтау.
-Ержан неге сурет салмады?
-Оның үйінде жазда қандай жағдай болды?
-Осы әңгімеден қандай әсер алдыңдар?
-Ағай не істеу керек еді?
-Ержан біздің арамызда болса не істер едіңдер?Қандай ақыл айтар едіңдер?
VIII.Музыка тындату.
Осы музыкаға қандай сурет салар едіңдер?(жыл мезгілі,қандай табиғат құбылысын)
ІХ.Дәптермен жұмыс
Анаға арнап сурет салған атақты суретшілердің атын жазу.
1X.Оқулықпен жұмыс .
Мұғалімнің оқушыларға ана жөнінде айтқан әңгімесін ,яғни сабаққа арналған кіріспе сөзін тауып оқы.Еске сақтаңдар,келесі тапсырмамыз осымен байланысты.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
1.Мәтінді зерттеу картасы.
Әңгіменің тақырыбы
|
Кейіпкерлері
|
Автордың ана туралы ойлары
|
Менің ойым
|
|
|
|
|
II. Қорытынды.
«Мақтасақ әйелді мақтайық,
Құрметтейік ананы.
Дүниедегі ең қасиетті күш-Ана.» Ғ.Мүсірепов.
III.Бағалау.
IV.Үй жұмысы. Ана туралы 5 жол өлең жазу ,әңгімені мазмұндау.
|