Үй тапсырмасы
Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ» мәтінін бөлім бойынша сұрау.
-Біз қандай тақырыпқа арналған мәтіндермен таныстық?
-Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
-Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?
-Аталарымыз осы жеңіске қандай қасиеттердің көмегімен жетті?
Әр топтан бір оқушыдан шығып, мәтін мазмұнын айтады.
-Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған?
-9 мамыр-Жеңіс күні
-68 жылдығын
-Қайсарлықтың, өжеттіктің, табандылықтың
2 мин
Миға шабуыл
Слайд көрсету. Екі бақаның құмыраға түсіп кетіп, біреуінің тырбанып шығуы, екіншісінің құмыра түбінде өліп қалуы.
-Суреттен не көріп отырмыз?
-Бірінші бақаның әрекетін қалай бағалайсыңдар?
-Екінші бақаның әрекетін ше?
-Осы суреттерден қандай ой түйдіңдер?
-Екі бақаны көріп отырмыз
-Бірінші бақа шаршап-шалдыққанына, қиналғанына қарамастан құмырадан шыға білді.
-Екіншісі қиындыққа мойынсұнып, әлсіздік танытты, нәтижесінде өліп қалды.
-Мақсатқа жету үшін қандай қиындық болса да жеңуге ұмтылу керек.
6 мин
Жаңа сабақ
Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Н. Хикмет: Үш жігіт туралы хикая
Авторымен таныстыру. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту. Шынжырлап оқыту.
Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Шынжырлап оқиды.
2 мин
Жуан-жіңішке сұрақтар
-Дүниенің үш шетінде кімдер өмір сүріпті?
-Олар туып-өскен мекенін тастап неге аттанады?
-Бірінші жігіт қандай қиындыққа кездеседі?
-Алдынан кім кездеседі? Жігіт не істейді?
-Екінші жігіттің алдынан кім кездеседі? Ол қандай әрекет жасайды?
-Үшінші жігіттің жағдайы қалай болады?
Сұрақтарға жауап беру.
3 мин
Топтық тапсырма
1 топ: 1-ші жігітке мінездеме топтастыру
2 топ: 2-ші жігітке мінездеме топтастыру
3 топ: 3-ші жігітке мінездеме топтастыру
4 топ: Ұқсастық пен даралық стартегиясы
1-3 топтар топтастыру стратегиясын, 4 топ ұқсастық пен даралық стратегиясын қорғайды
4 мин
Дәптермен жұмыс
Мына мақалды толықтырып жаз. Ертегі мазмұнына сай келетін мақалды тап
Ізденген жетер...
Жан қиналмай
жұмыс бітпес,
Талап қылмай ...
Мақал-мәтелдерді аяқтап дәптерлеріне жазады
8 мин
Постер қорғау
1 топ: Бірінші жігіттің әрекетіне постер
2-топ: Екінші жігіттің әрекетіне постер
3-топ: Үшінші жігіттің әрекетіне постер
4-топ: Ертегіден қандай қорытынды шығарып және не үйренуге болатынына постер
Әр топ өз постерін қорғайды.
2 мин
Бағалау (формативті)
Топтардың бір-бірінің жұмыстарын бағалауы
Әр топ постерлерге стикерлер жапсырады
2 мин
Сергіту сәті
5 мин
Топтық тапсырма
1 топ: 5 минуттық эссе
2 топ: Ертегі мазмұнына байланысты мақал-мәтелдер құру
3 топ: Сахналық көрініс
4 топ: Қарама-қарсы элементтер стратегиясы
Әр топ өз тапсырмасын қорғайды
2 мин
Бағалау (формативті)
Әр топ бір-бірін бағалайды
2 мин
Соңғы сөзді маған қалдыр
-Сонымен қандай мәтінмен таныстық?
-Мәтін не туралы екен?
-Үш жігіттің әрекетінен қандай ой түйдік?
-Қандай жұмыстар жасадық?
Сұрақтарға жауап беру
2 мин
Бағалау(суммативті)
Қорытынды баға шығару
|