Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты



бет150/215
Дата07.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#83076
түріСабақ
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   215
Байланысты:
9 физ ҚМЖ

Жаңа сабақ Мағананы тану
Атомдық теорияны жақтаушылар атом ең ұсақ бөлшек, ол бөлінбейді деп қарастырған болатын. Бірақ атом құрылысының күрделі екендігі физикалық айғақтармен дәлелдеді. Адамдар атомның күрделі бөлшек екендігін, табиғатта одан да кіші бөлшектердің бар екендігін түсінді.
Атомнан кіші қандай бөлшектерді білесіңдер? (электрон, протон, нейтрон)

Атомның күрделі бөлшек екендігін анықтаған соң ғалымдар оның әртүрлі теориялық моделдерін ұсынды. Атомның алғашқы модельдерінің бірін 1903 ж Дж. Томсон ұсынды. Бұл үлгіде атом радиусы 10 - 10м оң зарядталған шар ретінде қарастырылады. Шардың ішінде тепе - теңдік жағдайының маңында электрондар тербеліп тұрады. Электрондардың теріс зарядтарының қосындысы шарға біркелкі таралған оң зарядты теңестіреді, сондықтан тұтас алғанда атом электр бейтарап бөлшек болады. Кейінгі зерттеулер бұл модельдің дұрыс емес екенін көрсетті, сондықтан Томсон моделі қазір тек тарихи тұрғыдан қарастырылады.

Атомның ішінде электр зарядтарының орналасу тәртібін анықтау үшін 1911 жылы Резерфорд өзінің шәкірттері Г. Гейгер және Марсденмен бірге тәжірибе жасады. Резерфорд жасаған тәжірибені қарастырып көрейік. Қорғасыннан жасалған контейнердің түбіне Альфа бөлшектер шығаратын радиоактивті Радий элементін орналасқан. Альфа бөлшектері өзекше (қалған альфа бөлшектерін қорғасын жұтып алады) тарала отырып фольганы соққылайды.

Фольгадан өткен альфа бөлшектерді экран тіркеп отырады. Резерфорд альфа бөлшектерінің ауытқымай бірден фольгадан өтіп кететінін байқады. Алайда, альфа бөлшектерінің аз бөлігінің 900 – тан артық бұрышқа ауытқуы, яғни олар фольгаға соғылып кері бағытта ұшатыны таңдандырды. Сегіз мыңға жуық бөлшектердің біреуі ғана осындай үлкен бұрышқа ауытқиды екен. Резерфорд оң зарядталған альфа бөлшектерінің өз бағытынан ауытқуы, оның жолында оң зарядталған «бір нәрсемен» кездесуінен деп түсіндірді. Бұл ядро болатын. Ядро оң зарядталған, оның радиусы 10 - 15м. Атомның массасы түгел дерлік ядроға шоғырланған. Оны айнала әртүрлі орбитамен теріс зарядталған электрондар қозғалып жүреді. Ең шеткі электрон орбитасының радиусы атомның радиусына тең. Бұл үлгі Күн жүйесінің құрылымына ұқсайтындықтан оны атомның планетарлық моделі деп атады. Модель бойынша атом көлемінің басым көпшілігі «бос» болып шығады, ядроның радиусы атомның радиусынан 100 000 есе кіші

Басқаша айтқанда атом массасы түгелімен ядрода жинақталған деуге болады. Сөйтіп, альфа бөлшектері фольгадан өткенде өз жолында электрондармен және ядромен кездеседі. Электрондармен кездескен альфа бөлшектері өз бағытын өзгертпей тура таралатын болса, ядромен кездескен альфа бөлшектері өз бағытын 1350 - 1500 өзгертеді екен. Алайда соңғыларының саны онша көп емес. Орта есеппен алғанда 8000 альфа бөлшектің тек біреуі ғана өз бағытын 1500 өзгертеді, (сурет). Атом күрделі жүйе, оның центрінде оң зарядталған ядро бар, оның заряды +Ze (мұндағы Z – элементтің реттік нөмірі). Ядроны айнала электрондар қозғалып жүреді, қалыпты күйде олардың саны Z - ке тең. Резерфорд мрделі атом құрылысын дұрыс түсіндіре білді.
Ядро атом көлемінің өте кішкене орталық бөлігін алып тұрады. Ядроның диаметрі 10 - 12 – 10 - 13 см, ал атомның диаметрі 10 - 8 см шамасында. Егер атомның көлемін футбол алаңының аумағына дейін үлкейтетін болсақ. Атом ядросының көлемі футбол алаңында түсіп қалған шие дәніндей ғана болар еді.
Атомдар қалыпты жағдайда бейтарап болатындықтан, электрондардың заряды мен ядроның заряды бірін - бірі теңгеріп тұрады.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша атом ядроларының заряды
qя= +Z*e
Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектерді протондар деп атайды.
Кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделеев кестесіндегі реттік санына тең.
Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы саны А әрпімен белгіленеді. Ол массалық сан деп атайды.
A=Z+N
Массалық сан мен заряд санын біле отырып, ядродағы нейтрондар санын таба аламыз:
N =A - Z
Бір - бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін изотоптар деп атайды.
Иондалған атомдар зарядтарының дикреттілігі, жылулық сәуле шығару, фотоэффект, рентгендік сәулелер, электронның ашылуы және басқа да құбылыстар атомның құрылымы күрделі екенін айғақтайды.
1896 ж. Беккерель табиғаты ерекше сәулеге тап болды. Уран элементінің өз-өзінен көзге көрінбейтін бөлшектр мен сәулелерді шығарып жататыны анықталды.
1898 ж. П. Кюри мен М. Складовская уран кенінен радий мен полонийды бөліп алды.
Радий немесе уран сияқты өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді радиактивті элементтер деп атайды.
Радиактивті элементтердің ерекше сәуле шығаруын радиакутивті сәулелені дейді.
Радиактивті элементтердің шығаратын сәлесін магнит өрісінде зерттегенде, оның үш түрге жіктеледі:

α – оң зарядталған бөлшектер ағыны,
β – теріс зарядты элктрондар,
γ –электромагниттік толқындар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет