Бекіту сұрақтары: 1. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша нешінші орында?
2. Қазақстанды «Еуразия кіндігі» деп неліктен атайды?
3. Елімізді жан-жақтан қоршап тұрған ірі тауларды атап шығыңдар.
4. Топонимика нені зерттейді?
5. Топонимика ғылымының тарихты жазуда маңызы қандай?
6. Өз туған жерлеріңде Қазақстанға танымал тарихи тұлғалардың есімімен аталған қандай жер-су атаулары бар?
Бағалау: Үйге тапсырма:9-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы: § 10. Біздің Отанымыз-Қазақстан Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Қазақстан табиғаты ерекше, жан-жануарлар дүниесі мен қазба байлықтары мол бірден-бір ірі мемлекет екендігі жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Қазақстанның физикалық және қазба байлықтар картасын пайдалана отырып олардың атлас, контур картамен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған Отанымыздың дүние жүзіндегі байлығы мол бай мемлекеттің бірі ретінде сипаттай отырып, оның болашақ иелері өздері екенін әрбір оқушыға сіңіріп, Отанға деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.