Тәрбиелік мақсаты. оқушыларды адамгершілікке, еңбекті сүюге, тәрбиелеу, дұшпандық істерден сақтануға шақыру.
Сабақтың түрі: өнеге сабақ
Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау және өз пікірін қорғау
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
- оқушылармен сәлемдесу
- сыныпты түгелдеу
Сабақтың жоспары.
І. Ой қозғау. Нені білеміз?
Өткен сабақта Абайдың өмірі, ақындығына, оның шығармаларына тоқталған болатынбыз. Сонымен бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша Абай жөнінде сұрақтар қойылады. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін жатқа сұралады.
ІІ. Ой толғау. Нені білдік?
Бұл бөлімде Абайдың қара сөздерімен танысып, соның ішінде Жиырма тоғызыншы қара сөзбен танысамыз.
Оқушылар «Жарлы болсаң, арлы болма», «Қалауын тапса, қар жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» мақалдарының мағынасын мына кестеге жаздырып, Абайдың түсіндірмесімен салыстырамыз.
Мақал-мәтелдер Оқушының ой-пікірі Абайдың сыны
«Жарлы болсаң, арлы болма»
«Қалауын тапса, қар жанады»
«Атың шықпаса, жер өрте»
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
«Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»
ІІІ. Ой қорыту. Нені білгіміз келеді?
Бұл бөлімде мына сұрақтар төңірегінде пікірлесу жүргіземіз:
1. М.Әуезов Абай қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі туралы қандай пікірлер айтады? Сен не айтар едің?
2. Қай мақалға айтқан сынына қосыласың? Себебін дәлелді түрде айту.
3. Қай мақалға айтқан сынға қосылмайсың? Себебін дәлелді түрде айту.
«Бес жол өлең» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз..
1. Зат есім (1 сөз) . . .
2. Сын есім (2 сөз) . . .
3. Етістік (3 сөз) . . .
4. Пысықтауыш (4 сөз тіркесі) . . .
5. Түйін сөз ( 5 сөзден құралған түйін сөйлем) . . .
Үй тапсырмасын беру
«Ата-анадан тәтті жоқ», «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыптарында шағын шығарма жазу
Достарыңызбен бөлісу: |