Сабақтың тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер. Пән атауы : Химия Педагог: Ерболова П. Е. Курс: 1



бет6/11
Дата31.12.2021
өлшемі65,25 Kb.
#107391
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
f6038a2129ea870
00085429-af339126, олимпиада есептер, Док Асан $$$, Док Асан $$$, Док Асан $$$, 1 Блок 9 Билет, 1 Блок 9 Билет, 2 5267425733801676338
Алкендердің алынуы

Алкендер химиялық белсенді болғандықтан табиғатта өте сирек кездеседі. Алкендердің газ тәрізді мүшелерін мұнайға серік газдардан немесе мұнай өңдегенде және көмірді кокстегенде бөлінетін газдардан алады. Алкендерді алкандардан және олардың туындыларынан да өндіреді.

1. Алкандарды крекингілеу. Өнеркәсіпте алкандарды 700°С-қа дейін қыздырғанда, алкендер түзіледі:

С8Н18 → С4Н10 + С4Н8

2. Алкандарды дегидрлеу. Өнеркәсіпте алкендерді жоғары температурада сутек бөле отырып, сәйкес алкандарды айырып алады. Мысалы, этаннан этилен алуды қарастырайық:

H3C — СН3 → CH2 = CH2 + H2

Сутек бөліне журетін айырылу реакциялары дегидрлену деп аталады.

Лабораторияда алкендерді бірнеше жолмен алуға болады:

3. Спирттерді дегидраттау. Өршіткі ретінде концентрлі күкірт қышқылы, фосфор қышқылы, алюминий оксиді сияқты су сорғыш заттар қолданылады.

Су бөліне жүретін айырылу реакциялары дегидратациялану деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет