Акробатикалық жаттығулар.
1.Қолды жерге тірей жүруден,отырудан алға қарай домалап түсу.
2.Осы тәсілмен, тек аяқты айқастырып отыру қалпынан алға қарай домалап түсу.
3.Екі-үш домалап түсу тәсілдерін орындап үйрену.
4.Баскетбол добын құшақтай алға қарай қолды тіремей домалап түсу.
5.Гимнастика таяқшасын қолмен тізе тұсына горизонталь ұстап аунап түсу.
6.Қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.
7.Қолды жерге тірей төрт тағандап тұрып оңға және солға қарай аунап түсу.
8.Осы тәсілмен, тек қолды жерге тірей жүрелеп отырған қалыптан аунап түсу.
9.Жүрелеп отырған қалыптан артқа аунап түсіп, арқамен жату. Сонан соң аяқты созып, жоғары көтеру. Шынтақты төсенішке, қолды белге тіреп, денені тік ұстау. Жауырынға тұру.
10.Баспен тұру, көпір жасау, бір-бірінекөмекберуарқылыжартылайжәнетолықшатқаотыру.
|