Сабақтың тақырыбы: Географияны зерттеу нысандары Мұғалімнің аты-жөні: Б. Тлахметова Күні



бет21/66
Дата05.12.2022
өлшемі2,89 Mb.
#161399
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Байланысты:
7 ҚМЖ-1-1

«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



Оқулық,
мәтіндер.

Ортасы
10 минут

Қолдану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да,олар минералдардан түзіледі. Минералдар деп жер қабығының физика химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды айтады.

Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралып,жер қабығында өзіне тән геологиялық денелер түзеді. Жаралу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық,шөгінді және метаморфтық болып үш үлкен топқа жіктеледі. Магмалық тау жыныстары жер қойнауында болатын силикатты балқыма ерітіндінің (магма) жер бутіне жетіп (оны енді лава дейді) қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болады. Магмалық жыныстар көбіне кристалды құрылымды болып, нағыз, ұдайы өте қатты біркелкі массивтер түзеді. Олардың үлгісі ретінде тереңде кристалданған гранитті,немесе жер бетіне төгілген базальтты атаған жөн. Әрине, бұл жыныстар арасынан жан жануарлардың,өсімдіктердің қалдықтарының табылуы мүмкін емес.


Шөгінді тау жыныстары жер бетіне су бассейндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың заттардың шөгуінен пайда болады. Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қат қабаттар түзеді. Шөгінді тау жыныстары жаралу тегіне байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі.


Үгінді жыныстар тозып бұзылған жыныстардың сынық үгінділерінің шайылып, кейіннен бір тұста шөгуінен пайда болады. Осылайша дөңбектастар, малтатастар, құм және құмтастар, аргилиттер, балшық тақтатастар түзіледі. Хемогенді жыныстар тұздардың қанық ерітінділерінен немесе химиялық реакциялар әсерінен тұнған заттар. Олардың басты топтары:әктастар,кремнийлі,темірлі,галоидты,күкіртқышқылды тұздар.


Әктасты жыныстарға ізбестастар,олитті ізбестастар,ізбесті туфтар, доломиттер т.б. жатады. Кремнийлі жыныстарға ыстық бұлақтар суынан тұнған кремнийлік туфты атауға болады. Сонымен қатар, яшмалар, тұнған кремнийлі тақтатастар соларға жатады. Органогенді жыныстар өсімдіктердің,жәндіктердің азды көпті қалдықтарынан тұрады. Ең жиі тарағандары: ізбестастар, қабыршақтар, ақ бор, трепелдер және каустобиолиттер.


Аралас тау жыныстары жоғарыда терілген жыныстардың қоспасынан тұрады. Мысалы балшық ізбестас, мергел, құмқұмайтты ізбестас, опокалар. Метаморфтық тау жыныстары деп байырғы шөгінді,магмалық,типті метаморфтық тау жыныстарының тереңде батып өзгеруінен жаралған жыныстарды атайды. Осылайша өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, сом магмалық жыныстар тақталанады, ал шөгінді жыныстар кристалл құрылымды жынысқа көшеді. Сонымен тау жыныстары әжептәуір өзгерістерге ұшырап,жаңа қасиеттерге ие болады.Бұлардың негізгі ерекшелігі жер қойнауындағы жойқын қысым мен температурадан құрылымы кристалдық,түзілімі тақталанған болуы.Көптеген метаморфтық жыныстардан кварциттерді,мәрмәрді,әртүрлі тақтатастардан,гнейстерді атаған жөн.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет