Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№6- тапсырма: Мәтінді тыңдап, үзіндіні қарасөз түрінде жаз. Үзіндіден арнау, инверсия және қайталау түрлерін тауып талда.
Айтылым: Мәтінді тыңдап, үзіндіні қарасөз түрінде жазады. Үзіндіден арнау, инверсия және қайталау түрлерін тауып талдайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.