Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
«Керқұла атты Кендебай»
туралы бейне ролик көрсетеді. Түсіндіреді. Жаңа ақпараттан хабардар етеді.
|
Бейнероликті көреді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Бейнероликті көреді.
-Топтық талқылау жасайды.
-Бір-бірімен пікір алмасады.
|
https://youtu.be/s67LBf2g1bM
|
Топтық жұмыс.
|
Екі мәтіндік тапсырманы орындатады.
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Өлеңді тыңдап, берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.
|
|