Бөлім
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалім:
|
Сынып: 3
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Күз келді
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы: күз мезгілі туралы шағын әңгіме құра алу ,сұраулық шылауларды тақырып аясында орынды қолдана алу
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша білетін қосымша ақпаратымен бөліседі
|
Бағалау критерийлері
|
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді.
Сөйлемде сөздерді дұрыс байланыстырады.
Күз жыл мезгілі туралы әңгімелей алады
|
Құндылықтарды игерту:
|
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Дүние тану
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
PowerPoint таныстырылымы.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар:
Мәтінннің жазылу ережесін біліп, қолдануын дағдыға айналдырады.
Пән лексикасы және терминология:
Жаңа сөздер мен терминол өзгеру, сыныптастар
Тәуелдік жалғау, көптік жалғау
Сыныптасым, сыныптастарым огия.
Алақай! Бәрекелді! Әттеген-ай! Қап! Пай-пай! Жә! Тәйт! Ойпырай! Шөре-шөре! Құрау-құрау!
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.
Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
«Табиғат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Мүмкін, шығар көмекші етістіктерінің қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақ басы
10мин
|
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Ертеңгілік шеңбер «Менің есімім».
Әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш -сникерс, Әсел-әлем, Марат-мықты, Қанат-қайсар, Женя- жеңімпаз
Ой қозғау. Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету және сұрақ қою:
Бүгінгі сабағымыз қай мезгілге қатысты деп ойлайсыңдар? Неліктен?(оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтайды)
|