Ұ) Грамматикалық қоржын. «Жылдам ойлан!» ойыны. Мұғалім қоржынның ішіне қағазға жазылған жалғау түрлерін салады, оқушылар қоржыннан таңдап алады. Қай жалғауды алса, соған сәйкес үлгілі, ақылды, тентек сөздерінің бірін таңдап жазады, яғни тиісті қосымшаны жалғап жазады да, жұбымен сол сөзді қатыстырып, диалог құрастырады.
Үлгі:
Мен ақылдымын. Сен ақылдысың ба?
Иә, мен ақылдымын.
Асан тентек. Сен тентексің бе?
Жоқ, мен тентек емеспін. Мен ақылдымын.
Тиісті қосымшалар: -мын, -сың, -сің -мін, -сіз, -сыз.
(Ж)Айтылым.Оқушылар жұп болып сурет бойынша сұхбатқа түседі. Суреттегі екі балаға ат қояды, олардың қандай екендігін, қайсы кейіпкер дұрыс әрекет жасағандығы туралы айтады. Өз пікірлерін білдіреді. Мұғалім сырттанбақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы сұхбатты қажетті арнаға бұрып отырады.
Дескриптор:
суретке сәйкес диалог құрастырады;
сұхбаттасына сұрақтар қояды;
сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;
- сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады.
(Т) «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.
Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келугежағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады.
Жағдаят: Қыста тонып жүрген құстардыкөрдіңдер? Не істейсіңдер?
«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.