Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан Бөлім: 1-бөлім


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет49/86
Дата18.01.2023
өлшемі10,68 Mb.
#165825
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі 1-тоқсан

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпен танысады.




Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма
1. Мәтінде айтылған ойларды топта талдаңдар.

Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауының ең басты құралы. Сондықтан оны ұқыпты қолданып, ұқсата пайдалану аса қажет-ақ. Алайда бұл талаптан шыға бермейтін, сөз мәдениетіне салақ қарайтын адамдар аз емес. Мысалы, кейбір балалар сабақта


немесе жиналыста сөйлеген кезінде «сөйтіп», «нетіп», «сондықтан», «жаңағы», «ендеше», «демек» сияқты сөздерді айтар ойға ешбір қатысы болмаса да, төпеп орынсыз қолдана береді. Тілге ұқыпты қарайтын адам мұндай «ешқандай қызмет атқармайтын» қыстырма сөздерді қолданбайды, таза сөйлейді. Ойын айқын, дәл жеткізеді.
(«Ұлан» газетінен)

Дескриптор: Жалпы - 3 балл


1. Мәтінде айтылған ойларды топта талдайды.

ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.




Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма: Төмендегі сөйлемдерді қолданып, «Ұлттық құндылықтар» тақырыбына мәтін құра.

1. Отанға қызмет ету – біздің парызымыз.


2. Елін, жерін сүйетін адамды патриот деп атайды.
3. Ана тілін ардақтайық!
4. Туған тарих – өткеннің белгісі.
5. Салт-дәстүр – ұлттық құндылықтардың бірі.


3-тапсырма:
Кестедегі мәліметтер бойынша тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын құрастырып жаз. Энциклопедия, ғаламторды пайдалан.

Дескриптор: Жалпы -4 балл
2.Тапсырмада берілген сөйлемдерді қолданып, «Ұлттық құндылықтар» тақырыбына мәтін құрайды.
3.Энциклопедия, ғаламторды пайдаланып,кестедегі мәліметтер бойынша тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын құрастырып жазады.

ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет