Сабақтың тақырыбы: "Оксидтер" 8-сынып



бет2/3
Дата23.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150512
түріСабақ
1   2   3

Қолданылуы

  • Оксидтер тұрмыста және өнеркәсіпте кең қолданысқа ие.
  • Сутек оксиді – ең маңызды оксид, себебі су – барлық тірі ағза үшін бірден-бір қажет зат.
  • Күкірт оксиді, SO3 күкірт қышқылы өндірісінде және тамақ өнімдерін сақтауда қолданылады.
  • Кремний оксиді, SiO2 – шынының негізгі компоненті. Көміртек оксиді CO2, өрт сөндіруде және заттарды құрғақ мұз күйінде салқындату мақсатында қолданылады.
  • Хром оксиді, Cr2O3 түсті және жасыл шынылар мен керамика өндірісінде, сонымен қатар бұйымдарды жылтыратуда қолданылады.
  • Кальций оксиді, CaO – сөндірілмеген әк өндіруде, құрылыс саласында қолданылады.
  • Мырыш пен титан оксидтері – бояу өндірісі үшін қажет материал, себебі олар ақ түсті және суда ерімейді.
  • Темір оксидтерін металл темірін алу үшін тотықсыздандырады, сонымен қатар ол бояу алуда және электрод өндіруде қолданылады.

Оксидтердің қолданылуы

  • CO2 - тамақ өнеркәсібінде (копсытқыш ретінде); өрт сөндіруде; газдалған сусындар өндірісінде
  • CaO - сөндірілмеген әк, құрылыста
  • ZnO - мырыш бояуларын алуда
  • Н2О - негізгі әмбебап еріткіш
  • Сr2O3 - жасыл бояу алуда
  • SiO2 - шыны өндірісінде

Оксидтер
ZnO
Cr2O3
SiO2

Тапсырмалар: /Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріңізге орындаңыздар/

  • 1-тапсырма
  • Металл оксидтерін таңдаңыздар.

  • Мыс (II) оксиді, CuO
  • Кремний (IV) оксиді, SiO2
  • Фосфор (V) оксиді, P4O10
  • Темір (III) оксиді, Fe2O3
  • Магний оксиді, MgO
  • Көмірқышқыл газы, CO2
  • 2-тапсырма
  • Берілген қосылыстар формуласының қайсысы оксидтерге жататынын таңдаңыздар.

  • H2CO3 Na2O KOH P2O5 HCl SO3 Ag2O N2O MgO


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет