Сабақтың тақырыбы: Ұрпағына шәкірт ойын жеткізген Сұлтанмахмұт Торайғыров



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі53,02 Kb.
#122961
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
С.Торайғыров
Батыр Баян талдау, Батыр Баян талдау, Жусан
Оқушының жатқа оқуы
Аудио таспадан оқуды қайта тыңдау

  • «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау:

Шәкірт нені армандайды?
Елдің жүрегі неге мұздаған?
Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?
2) Қызығушылықты ояту
Құрметті оқушылар, біз колледжде оқимыз. Колледж – біздің алтын ұямыз. Мұнда біз көптеген достар тауып, мамандық беретін ұстаздармен қауышамыз. Білім атты теңіздің тереңіне бас қойып, үлкен азамат болып тәрбиеленеміз. Осы колледж сөзіне күрделі топтастыру жасап көрейікші.

Ұжым
Үмітті ақтау Топ Ұлы тұлға

























































Тәрбие Ұстаз



Колледжп



Орта оқу орны
Білім Мұғалім







































Оқушы Педагог


Еңбек

Шәкірт Өнер


Болашақ елдің тұтқасы Елге еңбек ету Өрге жүзу


Ұстаз бен шәкірт бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» немесе «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз – алдында отырған оқушыға «терең білім берсем, «Адам » болатын түзу жолды көрсетсем»,- деп ойлайды. Шәкірт «ата –анамның, ұстаздарымның» үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры «азамат» болсам» деп ойлайды.
Ал ХІХ ғасырда шәкірт не деп ойлады екен?
3) Мағынаны тану
Алдымен дәптерге өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға, еліңе, Отаныңа, отбасыңа, ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде, қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайтыныңды жазуға 3 минут уақыт беріледі.
Балалар, берілген уақытта өзінің қазіргі шәкірт, ертеңгі болашақ елдің азаматы ретінде не істейтінін жазады. («Менің ойым» бөлімін толтырады )

Менің ойым

Шәкірт ойы

Білімді болып, жоғарғы оқу орнына түскім келеді. Мамандық алып, еліме, туған жеріме адал қызмет еткім келеді. Білімімді, еңбегімді туған жеріме арнаймын. Ата-анамның, ұстаздарымның мақтанышы болғым келеді.

Қараңғы қазақ көгіне күн болу. Мұздаған елдің жүрегін біліммен жылыту.
Елінің көзін ашу, көкірегін ояту, надандықты жою.
Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру.





Енді сен өзіңді жазушымын деп есепте. Сенің жазғаның – жазушының әңгімесі. Тақтаға орындық қойып, жазушыны «Автор орындығына» шақырамыз. Оқушы дәптердегі өз ойын оқып береді.
Сенің ойыңды білдік. Енді ақын Сұлтанмахмұттың шәкірт ретіндегі ойы қандай екен. Оны өлеңді оқып, талдау арқылы ұғынамыз.

Өлеңді талқылау үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар беріледі:
Шәкірт нені армандайды?
Күн болудағы мақсаты не?
Қазақ аспанында күн болу дегенді қалай түсінесің?




3.Ой-толғаныс
Қазір бүгінгі сабақта оқып, түсінген өлеңімізге қорытынды пікір айтып, ой түйіндейтін кез келді. Ендеше, «Екі жақты бақылау күнделігін » толтырамыз.

Мәтіннен үзінді

Оқушы көзқарасы

Мақал-мәтел

Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.

Елімнің жанашыры, өрге сүйреушісі боламын. Қараңғылықтан алып шығамын, сауатсыздықты жоямын.

Ер ел үшін туады,
Елі үшін өледі.

Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін.

Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.
Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.




«Дыбыстар сөйлейді». Сұлтанмахмұт
С-саңлақ, Ұ- ұлағатты, Л- лайықты. Т-талғампаз, А- арлы, Н- намысты, Т-талапты, М-мақсатшыл, А-айбынды, Х-халықшыл, М- махаббатты, Ұ- ұлы, Т- талантты.
Тапсырмалар:
1. Тақырып бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.



 Тақырып бойынша сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

С.Торайғыров Баянауылда туған.



2

Ақын 1893 жылы туған.



3

«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің авторы – С.Торайғыров.



4

«Шәкірт ойы» өлеңі оқу-ағарту тақырыбына жазылған.



5

Сұлтанмахмұт «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларын жазған.



6

Сұлтанмахмұт ауылда бала оқытады.



7

«Айқап» журналында жұмыс істейді.



8

Ақын 1923 жылы қайтыс болады.



9

Екібастұз қаласында Торайғыров көшесі бар.



10

Торайғыров ескерткіші аттас мектептің жанында орналасқан.




  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, аударыңыз. Бастауышы мен баяндауышын көрсетіңіз.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ ақыны. Ол Көкшетау облысында туған. Сұлтанмахмұт есімі қазақ әдебиетінде берік орын алады. Оның алғашқы ұстазы – Нұрғали молда. 1916 жылы ақын Тарбағатайдан оралған ақын Томскі қаласына келеді. Ол қиыншылықта өмір сүреді. 1918-1919 жылдары ақын «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларын жазады. 1920 жылдың 21 мамырында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болады.
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді тауып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ақын қазіргі … … жылы туған. Ақын шығармашылығының өзекті тақырыбы – … Сұлтанмахмұттың оқу-ағарту жөнінде жазған өлеңдері – … Сұлтанмахмұт атымен көптеген … …. …. аталды. Баянауыл өңірінде … атындағы … …. бар. Ол небәрі … жыл өмір сүрген.

  1. Сөйлесуді тақырып мазмұны бойынша жалғастырыңдар.

– Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білесің?
– Ол ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ірі өкілі.

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) С.Торайғыров шығармаларын атаңыз.
2) С.Торайғыров жасөспірім кезінде алдына қандай мақсат қойды?
3) С.Торайғыровтың өлеңдері қандай тақырыпқа жазылған?
4) С.Торайғыровтың өмірбаянынан не білесіңдер?
5) Ақынның оқу-білім жайлы жазған өлеңдеріндегі негізгі ойды ашыңдар.
Үйге тапсырма: Қазіргі шәкірттерге мінездеме ретінде топтағы бір оқушыға мінездеме жазу.










Бағалау
Қорытынды
Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап,білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.

С.Торайғыров «Шәкірт ойы»


Сілтеме
Оқулық ;С.Торайғыров шығармалары;
Слайдтан тапсырма көздері,интернет әдеби әлем сайты
Жалпы мақсаттар
сыни ойлау көқарасын дамыта отырып,өлеңнің мағынасын түсіну; жағдаятты шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру; ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау;
Оқыту нәтижесі
Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді;
өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;
өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.
Негізгі идеялар
«Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле»
Тапсырмалар
1-тапсырма. С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңін жаттап келу. (5 мин)
Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жасау. (5 мин)
2-тапсырма. Ақынға арнау (7мин)
3-тапсырма“Миға шабуыл”Шәкірт нені армандайды? Елдің жүрегі неге мұздаған? Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді? (3мин)
4-тапсырма. Өлең құрылысына талдау (5мин)

5-тапсырма. Топтастыру
(5мин)
6-тапсырма. Венн диаграммасы (5мин)

7-тапсырма. «Менің арманым» Ой толғау (5мин)
Сергіту сәті (3 мин)
Кейінгі тапсырмалар
“Орны отайып көгерді,Ақын арманын ел көрді” Шығарма жазу
“Шәкірт ойы ”өлеңін жаттау

Мұғалімнің жазбалары


Ескерту
Бұл сабақта оқушылар жұптық және жеке жұмыс жасады. Үй тапсырмасын оқушыларға жеке орындаттым. Оқушылар өлеңді жатқа айтып шықты. Өлеңді сатылай кешенді талдауды жұптық жұмыс ретінде орындаттым.Оқушылар жұптасып,талданған өлеңді бір-бірімен толықтырып,өлең құрылысына талдап шықты. Бұл тапсырмаларды орындаған оқушыларды әртүрлі түстегі стикерлер арқылы бағаладым.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттеріін шыңдау мақсатында Ақынға арнау тапсырмасын орындаттым. Бұл тапсырмада Фарида,Рахима,Қалымжан,Жұлдыз өздерінің ақынға арнаған өлеңдерін оқыды.
Жаңа сабақ бойынша миға шабуыл әдісін пайдаландым. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қойдым.
-Шәкірт нені армандайды?
-Елдің жүрегі неге мұздаған?
-Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?
Оқушылар бұл сұрақтарға ұтымды жауап берді. Фарида астрономия ғылымы бойынша жұлдыз бен күнге сипаттама берді.
Келесі тапсырмада өлең құрылысына талдау жасаттым. Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындап,өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізді.
Топтастыру әдісін пайдаланып,өлеңдегі шәкірт ойын топтастырды. Оқушылар жылдамдық танытып,кезек-кезек шәкірт ойын жазып шықты. Ол шуағын шашып тұрған күн сәулесі бейнесінде шықты.
Венн диаграммасына оқушылар кестені өз ойларымен шәкірт ойын жинақтап жазып,ұқсастықтары елін сүйетіндіктерінде,білімге құштарлық,еліне адал қызмет еткісі келетіндіктерінде екендігін жазды.
«Менің арманым» тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға салып,пікірлесті. Бұл тапсырмада ой ұшқырлығын көрсеткен Фарида болды. Оған Жұлдыз неліктен әдебиет әлемін таңдағанын сұрағанда,Фариданың жауабы ұтымды шықты. Ол өзін жауһар жырлармен сусындайтынын,әдебиет –тәрбие мектебі ,одан өмірге мол азық алатынын айтты.
Сабақ арасында сергіту сәтін ұйымдастырып,оқушылардың бойын жазып,сергітіп отырдым.
Бағалауда тапсырма орындап,сұрақ қойып,жауап беріп сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды стикерлермен бағалап жиынтық баға қойдым.

‹ ›
Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку


Начало формы
Ваше имя
Введите свой E-mail
Я учитель Я родитель Я ученик

Конец формы
Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку
Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".
Скачивание материала начнется через 60 сек.
А пока Вы ожидаете, предлагаем ознакомиться с курсами видеолекций для учителей от центра дополнительного образования "Профессионал-Р"
(Лицензия на осуществление образовательной деятельности
№3715 от 13.11.2013).
Получить доступ

Узнать подробнее

  • Другое


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет