С.Торайғыров – ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізде ерекше орны бар, аса көрнекті ақын. Ол өзі жасаған дәуірдің шындығын көрсететін көптеген шығармалар жазды. Бірқатар өлеңдерінде жыл мезгілдерін , табиғат көріністерін шебер суреттейді.
1.Оқулықпен жұмыс, 71 бет. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша С.Торайғыров туралы конспект жазып алады.
Түсіну
5 мин
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
«Мағынаны тану»
1.Оқулықпен жұмыс
«Шілде» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.
Мұғалім мәнерлеп оқиды. «Аялдамамен оқу» стратегиясы бойынша өлеңді талдау. Идеясын, мазмұнын оқушылармен пікірлесе отырып талдау жүргізіледі.
Тақырыбы: Табиғат көрінісі.
Идеясы: Жаз жыл мезгілі табиғатының көрінісін, сұлулығын оқушыларға таныту.
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы бір оқушы өз тобына өлеңнің мазмұнын түсіндіреді.
Қолдану
5 мин
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
ЭО – пен жұмыс
Интерактивті тақтадағы тапсырма беріледі.