|
10-жаттығу. Оқушылардың назары оқулықта берілген суретке аударылады. Сурет бойынша әңгіме ұйымдастырылады. Суретке қарап, мәтіннің мазмұнын болжайды. Мәтінді мәнерлеп оқиды.
Мәтінге ат қояды. 3.3.3.1 (Ө; Ұ; Қ) Жоспарды толықтыру. Мәтінді
мазмұндау. Оқулықта берілген жоспарды толықтырады.
Жоспар бойынша мәтінді мазмұндайды. Оқушылардың тақырыптан ауытқымауына, ойын жүйелі жеткізуіне басшылық жасалады.
Етістіктерді дара, күрделі түріне ажыратады
|
Айтылым
Оқылым
суретпен жұмыс
|
Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру
|
Бағалау: Етістік туралы білімдерін еске түсіреді. Сауатты, көркем жазады.
мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрайды. сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табады.
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
|