Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Әдебиеттік оқу, қазақ тілі
|
Бастапқы білім:
|
Болымды және болымсыз етістік. 39-41жаттығу
|
Сабақ барысы
|
жоспарлан
ған кезеңі
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
Сабақтың ортасы
35 минут
|
Психологиялық ахуал.
Жүректен жүрекке.
Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады),
Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын қолдарымен ұстайды).
Мен үшін жоқ уағың (қолдарымен кіші дегенді көрсетеді),
Бәріңе ортақ шуағым (екі қолдарын көтереді).
3.1.2.1 (МК; Т; Қ) Мәтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжау. Мәтінді тыңдау.
42-жаттығу. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады.
Мәтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжайды. Мәтінді тыңдайды.
(Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
Оқулықта берілген сұрақтарды топта талқылайды.
Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің мазмұнын түсінеді.
3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Ретін сақтап мақалды оқу. Мақалды көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
43-жаттығу. Ретін сақтап мақалды оқу. Шыққан мақалды жазу (Адам елінде, қоға көлінде көгерер). Мақалдың мағынасына талдау жасау.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
|
айтылым
хормен қайталап, қимыл жасау
тыңдалым
|
оқулық
жазылым
дәптер
оқулық
|
1 минут
|
Сергіту сәті
|
|
|
3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Өлеңді қатесін түзеп, көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
44-жаттығу. Өлеңді оқып, қатесін түзеп, көшіріп жазады.
|
жазылым
дәптер
|
Сабақтың соңы
1 минут
|
(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.
– Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
– Сабақтан не үйрендіңдер?
– Саған не ерекше қызықты болды? сұрақтарына жауап береді.
|
Кері байланыс
|
1 минут
|
Үйге тапсырма: етістікті қайталау.
|
Күнделік
|
Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру
|
Бағалау:
Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтайды. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық
және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
|