Сабақтың түрі: тәжірибелік. Өткізу әдісі: түсіндіру, баяндау, көрнекілікпен көрсету



бет13/43
Дата07.02.2022
өлшемі77,24 Kb.
#83054
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
тер каз

Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит.
2. Қалқанша безін операция арқылы алып тастау.
3. Радиоактивті I 131 терапия.
4. Гипопитуитаризм.
5. Эндемиялық аудандарда йод тапшылығының профилактикасының болмауы.
6. Радиациялық зақымдану.
Диагностика критерилері

Гипотиреоз диагнозы тиісті клиникалық симптоматика мен гормоналдық зерттеу нəтижесінде қойылады. Мұнан басқа гипотиреоз себебін анықтау, асқынуларды анықтау үшін тексеру қажет.



Шағымдар мен анамнез:
- үдемелі жалпы жəне бұлшықеттік əлсіздік; шаршағыштық;
- сылбырлық;
- ұйқышылдық;
- дене салмағының артуы;
- есте сақтаудың төмендеуі;
- бет, қол, бүкіл дененің ісінуі;
- іш қатулар;
- сөйлеудің қиындауы;
- тері құрғақтығы;
- шаштың түсуі;
- жыныстық функциялардың бұзылуы;
- естудің төмендеуі.

Физикалық тексеру
Манифесттік гипотиреоздың жетекші клиникалық симтомдары болып табылады - тері құрғақтығы, іш қатулар, брадикардия, ұйқышылдық, естің бұзылуы, сөйлеудің баяулауы, естудің төмендеуі, дене салмағының артуы, жинақталған тығыз ісінулер, дене температурасының төмендеуі.

Орталық гипотиреоздағы симптоматика, біріншілік кезіндегіден аздау, ОНЖ зақымдану симптомдары анықталады.

Субклиникалық гипотиреоз кезінде науқас өзін өзі қанағаттанарлы сезінеді, левотироксин препараттарын тағайындағанда төмендейтін гипотиреоздың аздаған айқын көріністері болуы мүмкін. Диагноз гормондарға қан анализінің деректері негізінде қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет