Сабырсыз, арсыз, еріншек


(Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. 58-59 бет)



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі30,21 Kb.
#94289
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абай тану

(Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. 58-59 бет)


Абай поэзиясындағы психологизм, әр түрлі адамдардың мінез – құлқын, психологиясын, қандай жағдайда қандайлық әрекет ететінін ашып көрсету шеберлігі жағынан алғанда үздік шығармалар аз емес дегенде, алдымен осы «Бөтен елде бар болса» және «Сабырсыз, арсыз, еріншек» секілді өлеңдерді атауға болар еді.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» дейтін өлеңінде Абай «бір сөз үшін жау болып, бір күн үшін дос болып»,қырық құбылып жүретін адамдарды өткір тілмен әшкерелейді. Ел қамын ойламайтын, еңбекетпейтін, «қызмет қылып мал таппай, ғылым оқып й таппай», ел қыдырып, өсек-аяң іздейтін арызшыл адамның мінез – сиқын Абай өте әсерлі бейнелеп көрсетеді. Сол заманнын сұрықсыз, өрескел қылық-істерін бойына жиып алған, жинақталып жасалған жағымсыз тұлға нақтылы бір көрініс тапқандай. Өлеңнің соңында Абай сөзін «елдің жайы солай-ды» деп тұжырымдайтыны да тегін болмаса керек.
Осы өлеңінде ақын жалтарғыш пысықтарды:


Өтірік, өсек, мақтанға
Ағып тұрса бейне су –


десе, басқа бір орайда бүкіл елді айтқанда:
Өтірік пен өсекке
Бәйге атындай аңқылдар –
дейді.
Осының екеінде де бейнелеу ажуа, мысқыл-сықақ түрінде берілген. Соңғы мысалдағы суреттеу тәсілінің өзгешелігі әдетте бәйг атымен қандайда бір жүйріктікті, озаттықты, артықшылықты салыстыратын болса, Абай бұзықтықты, өтірік – өсекке әуестікті айтады. Жақсы ұғымда айтылатын бейнені жексұрын мінезді сипаттауға қолданып, мазмұн – бағыты әр түрлі нәрселерді шарпыстырып, сол арқылы ойын әсерлі етіп жеткізеді.
Ақын өлеңдерінен оның халық тағдырының сол кедегі қазақ қоғамындағы терең әлеуметтік қайшылық тудырған кесапатын көре білгені анық аңғарылады. Қазақ қоғамын жегідей жеген әкімшілік, әртүрлі топтар тартысы мен алауыздық ақынды ашындырып, ызасын келтіреді. Патша әкімшілігінің өкілдері мен жергілікті ел билеушілер өз басының пайдасы үшін тұтандырып, әдейі қыздыратын рулық тартыс пен жікшіл топтар күресін, осы бір қоғамдық өмір кеселін Абай өз шығармаларында айрықша қатты сынап отырады. Билік құмар, мансапқор билеушілердің керіс - таласы талай адамды әуре – сарсаңға түсіріп, және алуан түрлі жіктердің алауыздығын қоздырып, халықтың қайғы – қасіретін күшейтті. Халық үшін ауыр қасірет болып табылатын ел билеушілер мен әр – түрлі топтардың арасындағы тартыс – керістің күеюін ақын қазақ қоғамындағы әлеметтік – саяси дағдарыс көріністерінің бірі деп білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет