23
☺
Берілген мəліметтерді анықтау мақсатында əр сөйлемге сұрақ қойыңыз.
1940 жылдан бастап қазіргі қолданыстағы кирилицаға негізделген
əліпби қолданылуда. Қазіргі кезде қоғамда латын əліпбиіне көшу мəселесі
талқылануда. Түркия, Əзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты
мемлекеттілігі бар туысқан халықтар осы латын əліпбиін қолданады.
Дүниежүзілік ақпаратта латын əліпбиінің орны үлкен. Сондықтан латын
əліпбиіне көшу мəселесі өз кезегінде шешімін табуы мүмкін.
◘
Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып жазыңыз.
Əлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мемлекеттеріне қарай араб, латын,
кирилица (знаки) негізделген əліпбиді (применяют). Осы тұрғыдан келгенде
ортақ əліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін (понимать) оң ықпал етеді. ХХ
ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы араб (письменность) қазақ тілінің
заңдылықтарына орай бейімдеп, қазақ əліпбиін жасады. Осы əліпби негізінде
кітаптар (вышли в свет), (ученики) білім алды.
☺
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Қазақ жазуы деген не?
- Көне заманда қазақтар қандай жазуды пайдаланған?
- Араб жазуы қай ғасырларда қолданылған?
- Қазақтың əліпбиін кім жасаған?
- Кириллица жазуы қай кезден пайда болған?
►
Қазақ тілі жөнінде белгілі ақын, жазушылар, ғалымдардың нақыл сөздерін
мысалға келтіріңіздер:
Мысалы: Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ.
Н.Назарбаев.
Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
Р.Гамзатов.
Достарыңызбен бөлісу: