29
Жігіт қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ
менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып,
досымды босатыңдар, - деп өтінеді.
Қолбасы:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің
керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады.
Əлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе
жатқан екен.Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты
бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, əскерлеріне шегінуге бұйрық
берген дейді.
Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына
қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос –
қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.
Ерте заманның шешені əрі ойшылы Цицерон: «Достық өз бойына
қаншама сан алуан пайдалы нəрселерді біріктірген десеңізші! Қайда
барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі
қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сəттілікке жаңа
сəулет береді, ол ортақтасқан сəтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын
жоғалтады», - деген.
Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне
ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен,
тəжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым
берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер
айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, əдетін, ой-өрісін біліп өскен
достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік əрі
түбегейлі.
А.М$сабекова
Достарыңызбен бөлісу: