Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет45/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

 
 
Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы 
 
Адамның    жеке  басының  қоғамдағы  жағдайы  –  мемлекеттің  даму 
деңгейін 
білдіретін 
көрсеткіш. 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясында  жəне  басқа  заңдарында  азаматтардың  бас  бостандығын 
қамтамасыз  етуге  ерекше  назар  аударылған.  Егер  өзінің  өміріне, 
денсаулығына, қадіріне нұқсан келетін жағдай болса, адам мемлекеттік 
органдардан  қорғаныс  іздеуге,  заң  бойынша  көмек  сұрауға, 
президенттің өзіне шағым етуге құқылы. 
Адамның  ең  қарапайым  да  табиғи  құқығы  –  өмір  сүру  құқығы  болып 
табылады.  ҚР  Конституциясы  бойынша  ешкімнің  өз  бетінше  азаматты  өмір 


 
37 
сүру  құқығынан  айыруға,  адам  өмірін  жоюға  хақысы  жоқ.  Бұл  тұрғыда  КР 
Конституциясы  тұжырымдары  «Адам  құқықтарының  жалпыға  ортақ 
декларациясында» көрсетілген бағыттарға сəйкес келеді.  
Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағысыз құқықтарын  
Конституция  қорғайды.  «Ешкімді  азаптауға,  оған  зорлық  жасауға,  басқадай 
қатыгездік  немесе  адамдық  абыройын  қорлайтындай  жəбір  көрсетуге  не 
жазалауға  болмайды»  деп  көрсетілген    Қазақстан  Республикасы 
Конституциясында. 
 
Заң  адамды  басқа біреудің    күш  көрсетуінен  қорғап  отырады.  Əдетте, 
мұндай əрекет күш жұмсау немесе күш қолдануды ескерту тəсілімен жүзеге 
асырылуы мүмкін. Өзінің азаматтық міндетін орындау үстінде қылмыскерді 
ұстау  немесе  оны  тəртіп  қорғау  органдарына  тапсыру  үшін  күш  жұмсаған 
адам жауапқа тартылмайды.  
 
Сот  жəне  тергеу  жұмыстарында  куəгердің  көрсетуінің  маңызы  зор. 
Куəгер тергеу үрдісінде, сотта айғақ болудан бас тарта алады. Мұны əр адам 
түсінуі  тиіс.  Егер  адам  біреудің  қоғамдық  не  мемлекеттік  заңды  құқығына 
зиян  келтіретін  ісіне  куə  болса,  істің  шындығын  айтып,  тергеу  органы  мен 
сотқа  көмектесу  оның  азаматтық  борышы  болып  табылады.  Сот 
қызметкерлері  мен  тергеушілер  шындықты  көрсетіп  беретін  куəгер 
көпшілікке  кеңінен  мəлім  болып  кетсе,  қылмыскердің  одан  кек  алу  үшін 
əрекет  жасайтынын  ұмытпауы  керек.  Куəгердің  өзінің  азаматтық  борышын 
өтегені үшін қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. 
 
Конституция  адамның  өнегелі  сапасы  –  оның  ары  мен  абыройын 
жоғары ұстайды. Барлық халықта ар мен абырой кісінің жоғары бағалайтын 
құндылықтарының  бірі  саналады.  Қазақ  халқының  «малым  –  жанымның 
садағасы,  жаным  –  арымның  садағасы»  деген  мақалы  арды  қастерлеудің 
көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген қоғамда ар мен намыс 
заң  жүзінде  қорғалады.  ҚР  Конституциясы  адамның  ар  мен  абыройына  қол 
сұғуға жол бермейді.  
 
Заң  бойынша,  біреуді  қорлау  –  қылмыс  деп  танылады.  Тіл  тигізу  – 
жалпы  адамзаттық  ұстаным  қағидасынан  алып  қарағанда,  адамның  қадірін 
қорлау болып табылады. Заң жеке адамның арын, ұжданын жəне абыройын 
қорғаумен  бірге,  оның  өміріне  басқа  біреудің  озбырлық  жасауына  жол 
бермейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет