Біраз жүзген соң қыз осындай адасқан жағдайда бағыт көрсететін компасын іске қосты. Ол да бас шлемнің ішінде, дәл көзалдында, мандайтұсында. Компасбағытты тілмен де, дыбыспен де, шаммен де көрсете алады. Әрі ол төңіректе қандай магнит ордасы болса да шатаспайды. Қыз енді бұл құралының барына да ішінен шүкіршілік жасады. Компас іске қосылған бойда-ақ өзіне ең сенімді серігіндей жол көрсетіп отырды. Қыздың ендігі іздегені де су әлеміне шығар жол мен сапарластарының сүңгуір кемесі еді. Қыз жүзу барысында компастың эхолоттыққызметін де пайдаланды. Ол өзін үңгірдің бұжыр-бұжыр бүйірлеріне соқтығыса бермеуден сақтады. Соның арқасында жүзу жылдамдығы да артып, үңгірден де шықты-ау. Біраққуанышы ұзаққа созылмады. Үңгірден аман-есен шығып, кең су әлеміне жеткенде әлгі бір алып қарайған тағы да қараң ете түсті. Өзі қараңғы ортада қарайған нәрсе де онан сайын қараяды екен. Қыз оның бұл жолғы соқтығуынан оңай құтылды. Арқа тұсындағы итергіш-қозғалткышты дереу іске қосып зымырап жүзе жөнелді. Қарайған жайына кетті, үңгір болса да алыста қалды. Біраз жүзген сон қарсы алдынан мың сан майда шамдар сияқты бойларынан жарық бөлетін су асты жәндіктері кезіге бастады. Қыздыңөмірге деген үміті мен құштарлығы оянып, бар қиындықты ұмытып, бейнебір ел-жұртқа жеткендей күй кешті. Жас жүрегіне қуаныш ұялады. Енді сапарластары бар сүңгуір кемені тауып алуды ойлады. Егер оны тездетіп тауып алса, бұл мұхит ортасынан тезірек кетуге ұсыныс та жасамақ. Бұл оқиға қызды осындай ойға да итермеледі. Тек бойындағы бір сезім жас жүрегін шымырлатпай қоймайды. Сол сезім ғана өзін шырмап алған.
Осындай-осындай махаббат сезімінде қыз мұхитәлемі астын ұзак шарлады. Маңдай тұсындағы компас жол сілтегенімен сапарластарының сүңгуір кемесінің қай аймаққа тоқтағанын көрсете алмайтын еді. Сол ғана өкініш тудырды жас қызға. Одан бұрынғы өкініші, үңгір ішінде маңдайшамсыз қалып, адасып, көп уақытын жоғалтып алғаны еді. Оның орнын енді қалайша толтыра алсын. Адам-пенде қатты ойға беріле берсе де айналма ауруына шалдыққан қойдай мең-зең болып, өз бағытынан айрылып та қалады екен. Қызға байла- ныстың үзілгені үлкен кедергі болды. Іздеген жағдайда енді сапарластары да өзін таба алмақ емес. Бар қасірет те осыдан туындайды. Енді біраздан соң қыз шындап-ақ болдырайын деді. Оңының қайда, солының қайда екенін де ажырата алмауға айналған. Егерәлгі компасы жұмыс жасамағанда, тіпті, тас қараңғы үңгір ішінде әлі де соққы алған балықтай бұлғақтап шыға алмай жүзіп жүрген болар еді. Неде болса, бұл да тағдырдың өзін аяғаны болар. Қарайған бәледен біржолата құтылады. Кеңдүниеге шықты. Қараңғы, суық, үлкен қысымда болса да енді, әйтеуір кен әлем ғой. Қыз осыған да іштей кұдайға шүкіршілігін айтты. Сөйтіп, жайырақ болса да ілгері қарай жүзе түсті.
Су астының кең даласында қанша дегенмен де қараңғылық патшалығы сәл де болса аяғын тартқандай болды. Үңгір ішіндегі қараңғылық нағыз қараңғылыктың өзі еді. Қыз ондай көр әлемді осы кезге дейін көрген емес-ті. Енді тағдыр оны да басынан кешірді. Онын нағыз куәсі болды. Біраз жер қол сермеп жүзгеннен кейін біршама уақытқа өшіріп қойған арқа жонындағы қозғалткыш-итергішін іске қайта қосты. Өзі алға қарап, екі қолын біріктіре созып, ілгері қарай зымырай жөнелді. Енді өзін сырттан бақылаған адам соншама жылдамжүзетін адамның болатынына қайран қалар еді. Бір қарағанда, бұл қыз адам баласының өкілі емес, су астыныңтіршілігіне әккі болған бір ғажайып тіршілік иесіндей де болып кеткен- дей. Бірақ қыз нағыз ержүрек, зерек қыздың өзі еді. Ол енді біршама уақыттан соң өзінің дұрыс жолын да тапқандай болды. Сол тұстан аттанғандарын да аңғарды. Тек өкініштісі, сапарластарымен су әлемін шарлаған сүнгуір кеме болмай шықты. Зым-зия. Тып-тыныш. Қыздың көз шараларына ыстық жас тығылды. Не істерін білмеді. Олай бір, былай бір жүзді. Кеме ұшты-күйлі жоқ. Маңдай түсындағы компас та кеменің аялдаған жерін тап осы жер деп көрсеткен. Күрделі, компьютерлі компастың қате көрсетуі еш мүмкін емес. «Сонда не болғаны, — деді қыз ішінен, — сапарластарым елге қарай аттанып кеткен бе? Әлде олар бірдемеге ұшырады ма? Неге бұл орында жоқолар? Не үшін маған қайрылмай кетті?» Қыз осындай ойлардан кейін өздері ғаламшарларынан ұшпай тұрғанда жоспарлаған бағдарлама бойынша мұхиттын кей тұстарын қарап өтуді де ойлады. Басқа жолы да жоқ-ты. Қыз қатты қиналды. Өзімен бірге келіп, қай кезде де қамқор болып жүрген жігіттердің дәл бұлайша зым-зия жоғалуы түс көргендей де әсер тудыра бастады. Сәлден сон қыз ол кеменің осы жерден жоғары қарай көтеріліп, су бетінен аспанға қарай жұлдызаралық кеме болып аттанып кеткенін де аңғарды. Бірақ сенген жоқ. Достарын ондай қиянатты жағдайға қиғысы келмеді. Қыз жүрегі оған мүмкіндіктудырмады. Өз көзіне өзі сен- беді. Ештемені де жамандыққа баламады.
Содан бір кезде сол үміті бекер болмағандай алыстан қандай да бір кеменін қарасы байқалғандай сезілді. Оның мардымсыздау жарығы да көзіне шалына кетті. Таныс жарық. Өз кемесінде жүрген кезінде ол кемені сырттай әбден зертгеген. Содан есінде жақсы сақталса керек, анау-мынау адам аңғара бермейтін мардымсыз көленке мен мардымсыз жарықты ғана емес, кемені тұла бойы пішінін де дәл аңғарған. Енді мына мұхиттың қараңғы әлемінде жападан-жалғыз, жаяу- жалқы қалған кезінде оған жақындаудан өзге амалы да қалмаған. Өткенде ол кемеге өзінің сәулелік бейнесін жіберіп, оларды тан еткен болатын. Енді ол әрекет қайда? Жүрегі канша дауаламасада өзінін нағызбейнесін көрсетуге мәжбүр. Осындай батыл оймен әлгі бейтаныс кемеге жақын жүзіп барды. Олар да қарап қалмаған. Ол кеменің ішінде де аса жетілген күрделі құралдар баршылық. Соны еске алған кезде қыз жүрек соғысының жиілігінен шошынғандай қараңғылық тереңіне қарай сүңгіп жөнелді. Бөтен кемедегілер әзірге өзін байқай қоймаса керек. Өйткені, қызәзірге жерліктерге ерекше әсер беретін ғажайып әуенін де, дыбысын да таратқан жоқ. Сол бойда жасырынып қалған. Сөйте тұра қыз кеменің бұдан бұрын көрген кеме екеніне, онда өзі өлердей ғашық болған жігіттің де бар екеніне көз жеткізгендей болды. Қараңғылық тереңіне қанша енсе де енді ештемеден қорыққан жоқ. Әлдекім қажет жағдайда қол ұшын бере қоятындай бір сезімде болды қыз. Содан соң «Жақындасам қайтер екен?» деп те бір түйді ойын. «Бірақ олар қалай қабылдамақ? Лазерлі қару қолданып кеп жіберсе не болмақ?» деген ойлар да өзін кідіртіп тұрды. Енді олардан қорықпайтын әуелгідей сәулесі де жоқ. Енді бар болғаны кәдімгі қарапайым қыз ғана. Бар құдірет құралдарда екен. Адам-пендені биік сатыға көтеріп, табиғатқа билік жүргізуге дейін апаратын да сол жетілген күрделі құралдар екен. Әйтпесе, адам бір сәтте-ақ сонау алғашқы қауымдық құрылыс, тас дәуірі заманына кейін қарай бір-ақ қарғымақ. Қыз мұны осы жалғыздықта әбден сезінді. Тек ол құралдар емес, тұтастай кемеден, достарынан айрылып қалды емес пе? Қыз соның бәрін ойлағанда, кейде қатты қапаланғанда өзін- өзі құрбан еітіп жіберуге де бара жаздайды. Бірақ қызды бір құдірет сезім ғана - ана кемедегі бейтаныс жігітке деп оянған махаббат сезімі ғана үстап қалғандай. Адам баласының бұл жарық дүниедегі ең ғажайып өмірі де, үміті де сол махаббат арқылы дамып-жалғасып отыратының қызтереңтүсінді. Қыз енді сапарластарынан гөрі өзі ғашық болған жігітті көбірек есіне алып, көз алдына елестеумен тұрды. Енді қалған жалғыз үміті де, болашақ өмірі де сол сияқты. Басқа үміті қалмаған. Сол үмітенді өзіне жігер қоса түскендей. Қыз алғашқы кездегідей селсоқемес, кенеттен ерекше ширай түсті. «Мені көріп алындар» дегендей кеме шамы жарығының алдында су перісі сияқтанып, олай бір, былай бір бұлт-бұлт қозғалды да су тереңіне қарай түсіп кетті. Жоғалған кеме Айдынбек басшылық ететін ғалымдартобы кемені дөңгелек терезелерінен де, арнайы су астын бақылау кұралдарымен де жан-жақтарын, су тереңін жіті бақылап келе жатты. «Жайын» деп аталатын бұл ғаламат үлкен сүңгуірдің мұхит тереніне екінші реттүсуі. Бұл кезге дейін ғалымдар басқа, бұдан қарабайырлау сүнгуірмен түсетін мұхит тереңіне. Оның көптеген кемшіліктері де болатын. Енді бәрі де бар. «Жайынның» аты да өзіне лайықты. Сондыктан да ғалымдар бұл кемедеқда сабырлы. Басқа сүңгуірлермен түскенде аса бір қашық көрінетін бұл терендік те енді жай бір қатерсіз ортадай болып кеткен. Ғалымдар өздері екінші рет мұхиттереңінетүсіп отырған «Жайыннын» небір автоматты жүйелеріне іштей риза болып, көңілдері де көтеріңкі отырды. Текбұл тұста Айдынбек қана әлденеге аландағандай сынай танытып, кеме ішінде байызтаппады. Ол мұхиттереңіне бойлағансайын әлдекімді іздегендей де сынай танытып қалады. Бірақ онысын ешкімге білдірмеуге тырысады. Ғалымдар оны сезеді, бірақбасшы болған сон не десін. Бір жағынан Айдынбектің мұндай қатерлі ортада елендеуге да хақысы бар. Ол қанша дегенмен де басшы емес пе? Ол тек қана өзін емес, өзгені ойлайды. Барлық іске жауап береді. Ғалымдар оны осы тұрғыдан да түсінген. «Жалпы, Айдынбек тек өз жанын қорғаумен шектелетін азамат емес, ол әуелі досын қорғап қалуға жанын пида ететін азамат» деп біледі. Өзі де солай.
Айнала төңірегінің қатты сыйлап, басқа басшыны қаламайтыны да содан-ды. Айдынбек оны біледі. Сондықтан да сапарластарына жан-тәңімен бәріне қолынан келген көмегін беріпотырады. Құрамтағдырынойлапсергекжүреді. Кішкене оқыс қозғалыс болса да, оқыс дыбыс естіле қалса да ол өзінен бұрын достарын ойлайды. Әуелісоларды қорғап, соларды аман алып қалудың жолын іздестіреді. Қатерлі іске де әуелі өзі барады. Әдеттегідей бұйрықберіп, өзі тыныш жерде бақылан-барлап отыра бермейді. Ұжым жүрегін ол осылайша жауап алған болатын. Айдынбекті бұл сапардан қалдырмақ болған да да бұл кұрам Қазақ Ғылым академиясына барып өз қарсылыктарын білдірген. Сапардан бас тартатындарын дамәлімдеген. Сөйтіп, Айдынбектіңбеделі күшейеберген. Бірақ Айдынбек оның біріне де дандайсыған емес. Қайта өз ұжымына бас иіп қай кезде де олар үшін жанын пида етуге дайын тұрады. Айдынбекосы бір сәттерде онын бәрін де есіне алған. Басқаны былай қойғанда ең қауіпті деген Раушанның өтінішін де осы ұжым, осы топ тоқтатқан жоқ па еді. Академик Әбділда Сұлтанұлы ұжым қолдамаса дәнеңе де жасай алмас еді. Ол қашан да ұжымның кеңесімен санасып отырады. Осыларды ойша сараптап алған Айдынбек жаймен каюталарды аралап шықты. Олардың бәрінде де демалатын орындар бар. Кәдімгі мейманханалардан артық болып келмесе, бір де бір кем емес.