Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық төлеуші – дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу



бет102/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   626
128-бап. Салық төлеуші – дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу

      1. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешегін жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан әрі – салық бұйрығы) және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.

      2. Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

      3. Салық бұйрығын шығарған салық органы жеке тұлға салықтық берешегін өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күшін жояды.

15-тарау. САЛЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет