Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық органының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруі



бет126/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   626
154-бап. Салық органының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдары нұсқаманы және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде осы лауазымды адамдардың және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының кірістер алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау үшін кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына жіберілу үшін қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында арнайы рұқсаттар болуға тиіс.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық органдары лауазымды адамдарының және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне мынадай:

      1) лауазымды адамдар нұсқаманы және (немесе) қызметтік куәліктерін көрсетпеген;

      2) лауазымды адамдар нұсқамада көрсетілмеген;

      3) лауазымды адамдардың салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына арнайы рұқсаты болмаса, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайларда бас, тартуға құқылы.

      4. Салық органдарының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне салық төлеуші (салық агенті) негізсіз бас тартқан және (немесе) кедергі келтірген жағдайда, рұқсат бермеу туралы акт жасалады.

      5. Рұқсат бермеу туралы актіге салық органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды.

      Салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде бас тарту себебі туралы жазбаша түсінік беруге міндетті.

      Салық төлеуші (салық агенті) рұқсат бермеу туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы көрсетілген актіде бұл туралы тиісті жазба жасайды. Бұл ретте көрсетілген актіге осы Кодексте айқындалған тәртіппен тартылған куәгерлер де қол қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет