Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық тіркелімдер



бет180/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   626
215-бап. Салықтық тіркелімдер

      1. Салықтық тіркелім салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 29-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау туралы мәліметтерді қамтитын құжаты болып табылады.

      Салықтық тіркелімдер осы Кодекстің 190-бабының 5-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсатын қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорыту мен жүйелеуге арналған.

      Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсаты үшін пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салықтық кезеңдер арасындағы (оның ішінде, нәтижелері бірнеше салықтық кезеңде ескерілетін, кейінгі салықтық кезеңдерде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін не бірқатар жылға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

      Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдерді арнаулы нысандар түрінде жасайды. Уәкілетті орган белгілеген салықтық тіркелімдердің нысандарын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдердің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.

      Салықтық тіркелімдерде шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілуін оларға қол қойған адамдар қамтамасыз етеді.

      2. Салықтық тіркелімдер:

      1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 190-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес жасайтын салықтық тіркелімдерді;

      2) салық төлеуші (салық агенті) жасайтын, жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган бекітетін салықтық тіркелімдерді қамтиды.

      3. Салықтық тіркелімдер мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

      1) тіркелімнің атауы;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

      3) тіркелім жасалған кезең;

      4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса).

      4. Уәкілетті орган:

      1) салық салудан босатуды, корпоративтік табыс салығы, инвестициялық салықтық преференциялар бойынша салық салынатын кірісті азайтуды қолдану;

      2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) баланстық құнын айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар;

      3) туынды қаржы құралдары;

      4) бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы;

      5) лизинг шарты бойынша берілген мүлік;

      6) осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 8) – 10) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу;

      7) 01.01.2019 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      8) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның, ауыл шаруашылғы кооперативінің және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын және оны өткізуін есепке алу;

      9) шығу және келу туризмі бөлінісінде – туроператордың көрсетілетін қызметтері;

      10) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау;

      11) қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауар қалдықтары түріндегі айналым;

      12) тауар қалдықтары бойынша, есепке жатқызылған қосылған құн салығы;

      13) ауыл шаруашылығы кооперативінің осы Кодекстің 698-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес өз мүшелеріне тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беру;

      14) ауыл шаруашылығы кооперативінің өз мүшелері үшін осы Кодекстің 689-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес жұмыстарды (қызметтерді) орындауы (көрсетуі) жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салықтық тіркелімдердің нысандарын белгілеуге құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көзделген ақпаратты көрсетуге арналған салықтық тіркелімді қоспағанда, осы тармақтың ережесі "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

      5. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган мыналарды:

      1) кірістерді, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынған кірістерді;

      2) сатып алынған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді;

      3) төлем көзінен салық салуға жататын жеке тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығын, сондай-ақ әлеуметтік салықты және әлеуметтік төлемдерді салу объектілерін;

      4) мыналар:
      қоршаған ортаға эмиссиялар;

      жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ақпаратты көрсетуге арналған салықтық тіркелімдердің нысандарын белгілеуге құқылы.

      6. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      7. Экспедитор тасымалдаушылар және (немесе) көлік экспедициясы шарты шеңберінде ұсынылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер туралы, сондай-ақ осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты ашу үшін салықтық тіркелімді жүргізеді, онда мынадай деректер:

      1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактурасының реттік нөмірі мен күні;

      2) тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе атауы;

      4) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шот-фактурада көрсетілген, салық салынатын (салық салынбайтын) айналымының мөлшеріне қосылатын құны;

      5) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші жүзеге асыратын, "ҚҚС-сыз" деген нұсқауы бар, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

      6) бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.

      8. Салықтық тіркелімдер қағаз жеткізгіштерде жүргізілген жағдайда мұндай салықтық тіркелімдердегі қателерді түзету негізделген болуға және түзету енгізген жауапты адамның қолымен расталып, енгізілген түзетулердің күні мен негіздемесі көрсетілуге тиіс.

      9. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық тіркелімдер тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салықтық тексерулерді жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.

      Салық төлеушілер салықтық мониторинг шеңберінде салық органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салықтық тіркелімдерді ұсынады.

      Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдерді электрондық нысанда жасаған кезде салықтық тексеру барысында және салықтық мониторинг шеңберінде салық органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салықтық тіркелімдерді электрондық жеткізгіштерде және осындай салықтық тіркелімдердің қағаз жеткізгіштегі көшірмелерін ұсынуға міндетті, олар басшысының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салықтық тіркелімдерін жасауға жауапты адамдардың (адамның) қолымен, сондай-ақ салық төлеушіде (салық агентінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) мөрімен куәландырылуға тиіс.

      10. Тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган мыналарды:

      1) запастарды;

      2) кірістерді;

      3) төлем көзінен салық салуға жататын жеке тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығын, сондай-ақ әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдер салу объектілерін есепке алу жөніндегі ақпаратты көрсетуге арналған салықтық тіркелімдердің нысандарын белгілеуге құқылы.

      11. Бірыңғай жер салығын төлеушілер қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу бойынша салықтық тіркелімді қоспағанда, осы баптың 5-тармағында көзделген салықтық тіркелімдерді жүргізуге міндетті.

6-БӨЛІМ. РЕЗИДЕНТТЕР МЕН БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРДІҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

26-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет