Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-параграф. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі



бет67/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   626
4-параграф. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4-параграф 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      86-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

      1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта болады және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

      2. Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін орналасқан немесе тұрғылықты жеріндегі салық органына өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынады.

      Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін осындай салықтық өтінішті ұсыну салық төлеушінің хабарлардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды алуға берген келісімі болып табылады.

      3. Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойдыра отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.

      87-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны ауыстыру және жою

      1. Салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшін орналасқан немесе тұрғылықты жеріндегі салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынуға мынадай:

      1) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылданған;

      2) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгіш жоғалған;

      4) кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгіш жұмыс істемейтіндей болып бүлінген жағдайларда құқылы.

      2. Электрондық цифрлық қолтаңбаны жою салық төлеушінің салық органымен осы бапта белгіленген жағдайларда хабарлардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.

      3. Салық органы электрондық цифрлық қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе оны ауыстыру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      4. Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз электрондық цифрлық қолтаңбаны салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жояды.

      5. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды бір жұмыс күнi iшiнде мынадай:

      1) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда – салық органы соттың шешімін алған күннен бастап;

      2) осы Кодекстің 85-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес салық органының шешімі бойынша салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап;

      3) банкрот деп танылған жағдайда – салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет