Нәтижесін бағалау: баланың іші басылып, бос демалады.
Баланы жылытуға 3 жылытқышты қолдану Мақсаты: Шала туылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету:
Көрсеткіші:шала туылғандықтың 1-ші дәрежесі.
Кері көрстекіші: дене қызуының көтерілуі.
Керекті құралдар:
Резеңке жылытқыштар-3.
Жылы су 55-650С
Жөргектер-3
Термометр
Көрпеше немесе қалың жөргек
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Жылытқышты 2/3 бөлігіне дейін сумен 55-650С толтыру.
Жылытқышты қолмен жайлап басу арқылы ауасын шығару, аузын мықтап жабу.
Жылытқыштың аузын төмен қаратып, аузының толық жабылғанын қадағалау.
Сол әдіспен тағы да 2 жылытқышты дайындау.
Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен орау.
Жөргектелген баладан 2см қашықтықта жылытқыштарды қою: 2 кеудесінің екі жағына, 1 табанының жанына.
Баланы жылы көрпешемен жабу (көрпе астындағы температура 28-300С-тан кем болмау керек), астына термометрді салу.
Жылытқыштарды міндетті түрде кезекпен суығанына байланысты ауыстыру.
Көрпенің астынан термометрді алып, ағынды сумен жуып ,қорапшаға салу.
Жылытқыштардың ішіндегі суды төгіп, сыртын дез.ерітіндімен залалсыздандыру.