Саясаттану ғылым ретінде


Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер



бет23/43
Дата27.02.2022
өлшемі72,21 Kb.
#133586
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
Саясаттану ылым ретінде (1)

Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер

Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
• патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
• Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады
• Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
Барлығынан гөрi саяси мәдениетке дәлме-дәл анықтама берген Роберт Такер. «Саяси мәдениет - қоғамдағы күнделiктi өмiр салты, өзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және iс-әрекет үлгiлерiн қамтушы» - дейді ғалым. Мұнда индивид санасы мен iс-әрекетi және әртүрлi қауымдастық топтар мен ұлттар да қамтылады.
Американ саясаттанушысы Л. Пайдың зерттеуі бойынша: «Кез-келген саяси жүйеде саяси әрекетке мән беретін, саяси институттарды тәртіпке келтіретін және іс-әрекетке әлеуметтік мағына беретін саясаттың субъективті сферасы өмір сүреді. Тек саяси мәдениет ғана саяси үрдісті мәнмен, форма мен болжаммен қамтамасыз етеді. «Саяси мәдениет» ұғымы қоғамның дәстүрі, оның қоғамдық-бұқаралық институттарының рухы. Оның мүшелерінің эмоциялары мен ұжымдық қағидалары - бұл өзара қатынастардың нақты тізбегін құрайтын біртұтастықтың бір-бірімен өзара байланысты бөліктері» [69, 7].
Т.Парсонс пен Е.Шилс саяси бағдарларды жіктеуде саяси мәдениетті саяси санамен қосарластыра қарастырады.Саяси мәдениет саяси сана мәдениетімен шектесіп қана қоймайды. Ол тәжірибелік іс-әрекет бағытына қарай да дамиды. Осы тұрғыда саяси сана мәдениеті мен саяси жүріс-тұрыс мәдениеті қатар тұрып,тұлғаның саяси үрдіске, саяси жүйеге және саяси үрдістің тұлғаға тәжірибелік қатынасымен сипатталады.
С. Липсет саяси мәдениетті әртүрлі демократиялық қызметтің заңдылығын сақтауға қызмет ететін кандай да бір дәстүрлердің жиынтығы ретінде анықтайды [73, 203].Бірақ С.Липсет көзқарасы бойынша дәстүрлер мен құндылықтар, ол демократия принципінің заңдылығын сақтауға қызмет ететіндігімен ерекшеленеді.
Тағы бір американдық зерттеуші У.Розенбаум саяси мәдениетті азаматтық өмірде көптеген мәселелерді қалыптастыруда психологиялық күшке негізделетінін айтып, келесідей анықтама береді:Cаяси мәдениет - бұл азаматтардың күнделікті өмірінде тұрақты орын алатын жүріс-тұрыстары, ойлары, сезімдерінің концептуалды түсіндірмесі [76, 26].
П. Шаран саяси мәдениеттің негізгі өзегін анықтауда бірінші орынға саяси жүйедегі адамдардың субъективтік бағытын қояды, нақ осы, саяси жүйенің психологиялық критерийін немесе қасиетін атқарады [74, 6].Яғни жеке тұлғалардың бағыттары мен бағдарлары және оның психологиялық көңіл-күйі мен өзін-өзі ұстауы мәселесі алдыңғы орынға шығады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет