Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет32/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.«Демократия» сөзі қазір қандай мағынаны білдіреді?
2. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсы болып есептеледі?


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

  2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

  3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

  4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

  5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

  6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №11 Саяси процесс және саяси қызмет
Сабақтың мақсаты:
Әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекеттерінің мазмұнына, сипатына, әдіс-тәсілдеріне тоқталу

Негізгі мәселелері:



  1. Саяси процесс ұғымы, оның мәні, құрылымы.

  2. Саяси процестің сатылары. Саяси процестің типологиясы.

  3. Саяси шешім қабылдау. Саяси бағытты анықтау, оны іске асыру. Саяси институттардың рөлі.

  4. Қазақстан Республикасындағытсаяси процестер.




  1. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынада түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, саяси сала-өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың,жіктердің ұймдардың мақсат-мүделері кейде қабысып, кейде келіспей жатады. Соған орай көп өзгерістер болады. Бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшеді. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс «Саяси» деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, т.с.с, саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әртүрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Саяси процесті ұйымдатыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект рпоцестің теориясын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат таңдалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары тәсілдері қарастырылады.

  1. Саяси процес – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістен бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейліөзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге бөлуге болады.

  1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы және оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайды саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

  2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңарту. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан,жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институтар құралдары, саяси ережелер мен қазыналар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниегше келеді.

  1. Саяси –басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі, топтардың, бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама –қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппазициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, қалықтың талап – тіліектері мен мүделлерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын , тыныштығын сақтап, соған жағдай жасау керек . бұл саяси мәселе.

  2. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол 2 жолмен жүреді: Біріншісі-мемлекеттік мекемелер, партия органдары , қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспа сөз органдары енеді. Бұл-саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін –өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны «төменнен бақылау» десе болады. Бұл үшін қоғам демакратиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады,тоталитарлық тәртіпке оған жол берілмейді.

Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сырқы саяси процесс болып бөлінеді. Ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институциялан түрлерін, олардың іс-әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынанжәне т.б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды.
Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай дамократиялық және антидемократиялық саяси процесс деп бөлінді. Демократиялықтүріне халықтың тікелей немесе өкілдері арқылы билейді. Антидемократикалық процесте билік авторитарлық көсем, манархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады.
Атқаратын қызметінің жаиялығы бойынша ашық және жасырын саяси процес деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап –тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізіледі.
Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шектеледі. Адамдардың барлық өмірлері қатаң бақылаудың астына түсіп,еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдығы және өзара қатынастырының тиянақтылығына байланысты саяси процессті тұрақты және тұрақсыз деп бөледі.
Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатысады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіндерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласабермейді. Жалпыхалықтың хал-ахуалы жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарының іс-қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды.
Тұрақсыз жағдайда қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіндер себеп болады. Бұндай кикілжіңдерді реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жаңа заң актілері арқлы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер еңгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгерістер біртіндеп жасалады. Революциялық қоғамдағы биліктің саяси жүйесінің толық түбегейлі өзгеруі. Ол әлеуметтік-саяси, өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алады. Бұл 2 жолдың да өз жақтастары мен қарсыластары бар. Революциялық жолды басшылыққа алушылар-марксистер. «Сяси экономия сынына» деген кітапқа жазған алғы сөзінде К.Маркс былай деді: өндіргіш күштер өз дамуының белгілі сатысында өз дамуына бұғау болатын өндірістік қатынастарға қайшы келеді. Сонда әлеуметтік революция туындайды. Оның қолданушылары реформа қоғамды ішінара, жарым-жартылай ғана өзгертеді, әлеуметтік шиеленісті уақытша бәсеңдетеді деп түсіндіреді. Оның кемшіліктері: ең алдымен, көптеген адамдар құрбан болады., ғасырлар бойы жиналған материалдық қазына-байлықтар, мәдени-мұра, ескерткіштер қирайды. Қоғам өміріне қыруар шығын келеді.
Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаға, стихиялы түрде келеді., анық-айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалығымен, сезім әрекетіне бой алдырғыштығымен сипатталады.
Бұл топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетіне бүлік (путч) дейді. Оны көбінесе әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды жақсы, есептеп, терң ойланған бағдарламасы болмайды.
3)Қызмет-еңбектің өзіндік сипаты бар ерекше түрі.Оның жай еңбектен айырмашылығы қоршаған ортаға,күнделікті өмірге саналы араласуы,ал мазмұны белгілі бір мақсатта және қайта құруға бағытталған.
Саяси қызметтің басқа қоғамның салаларындағы қызметтен өзгешелігі-билік үшін күреспен мемлекеттік істермен,әлеуметтік таптар мен топтардың,халықтар мен ұлттардың мүдделерімен байланыстылығында.Саяси қызметтің, іс-әрекеттің саналы болуында және белгілі бір мақсатқа бағытталуында. Саяси қызметте саналы қимыл жасау басым болады. Осыған орай ол уақиғаның барысына прогрессивті ықпал етіп, жасампаздық роль атқарады. Саяси қызметтің мақсаты- саяси билік үшін күрес.
Саяси қызметтің мазмұны мен сипатына байланысты негізгі екі түрін даралауға болады;
1)Теориялық саяси қызмет;
2)Практикалық саяси қызмет;
Теориялық саяси қызметке; танымдық, болжамдық, бағдарлық қызметтер жатады.
Практикалық саяси қызмет іс жүзінде әрекеттерді реттеуге бағытталған. Оларға: басқару,құқықтық,ұйымдастырушылық, үгіт насихат және тәрбиелік жұмыстар жатады. Саяси қызмет салалары:
1)Экономикалық,әлеуметтік, мәдени, ұлттық, әскери саясат;
2)Ішкі және сыртқы саясат;
3)Саясаттың әрекет ету көлеміне байланысты-халықаралық саясат,аймақтық саясат;
4)Саясатты жүргізушілердің қызметіне байланысты мемлекеттің саясат,партиялардың ұсынған саяси бағыты,әртүрлі қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар саясаты, саяси басшылар саясаты;
5)Уақыт мерзімімен байланысты-ағымдағы саясат және уақыт мерзімге белгіленген саяси бағыт.
Саяси қызметте ой-өрісі тарлық,құрғақ сөз, жалаң сендіру сияқты қылықтар орын алуы мүмкін.
Саяси қызмет-саясатты өмірде жүзеге асыруға және жүзеге қатысу, әлеуметтік топтардың, ұйымдардың және жеке адамдардың белгілі бір саяси мүдделерді жүзеге асыруы болып табылады.
Саяси қызметті жүргізу үшін саяси шешім болу керек.Саяси шешім саяси қызметтің бағытын анықтайды.Саяси шешімнің саяси қызметтен айырмашылығы тәжірибеден тыс,іс-әрекеттің тікелей және болжамды көрінісі.Саяси шешім ресми нұсқау,бағдарлама,мәлімдемелер арқылы жасалады.
Саяси шешімдердің деректі түрлері:
1)Директива-жоғарғы органдарға басшылыққа алуы үшін нұсқау беруі
2)Саяси нұсқау-қызметтің мақсаттары мен бағыттарын айқындау.Ол директиваларда,бағдарламаларда,мәлімдемелерде жүзеге асады.Айқын,нақтылы,нұсқаусыз дұрыс саяси шешімде болмайды.
3)Бағдарлама -1)мемлекеттің,партия қызметінің жоспары 2)саяси партияның, ұйымның немесе саяси қайоаткердің қызметінің мақсаты мен міндеттері.
4)Декларация-1)партиялардың,қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттің немесе бірнеше елдер бірлестігінің ресми мәлімдемесі 2)саяси сипаттағы жекелеген құжаттардың аттары.
5)Мәлімдеме-1)жазбаша не ауызша түрде ресми хабарлама 2)мемлекеттің қызметіне немесе партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, топтардың және бірлестіктердің жұмысына қатысты жазбаша тілек, өтініш.
Саяси шешімнің бастапқы кезеңі пи .Онда саяси ағымдар мен әлеуметтік топтардың мүдделері көрініс табады.Ол бірқатар кезеңдерден тұрады:шешім қабылдау,шешімді жүзеге асыру,шешімнің орындалуын қадағалап отыру,бақылау жасау,ең соңында нәтижеге жету.
Саяси шешімдер өте шеберлікті,болжампаздықты, икемділікті талап етеді. Бұл екі бағытта жүреді: 1)болашаққа болжам жасау,оған процесс ретінде қарау;2)саяси өмірдің,процестердің,уақиғалардың,құбылыстардың дамуы барысын арнаулы зерттеу.
Дұрыс шешім қабылдау үшін деректі мағлұматтар болуы керек.
1)Саяси процестердің барысында оның жайы мен нәтижесі жөніндегі мәліметтер;
2)Саяси шешім қабылдау үшін оның өлшемі айқын бейнеленуі, яғни құралдары, белгілі бір принциптерге сүйенген бағдарламалар болуы міндетті. Саяси танымның жоғарғы өлшемі тәжірибе болып табылады.Саяси шешімдер тәжірибеде сыннан өтеді.Саяси өлшемнің өзіндік ерекшеліктері бар,ол ерекшеліктер саяси қатынастардың күрделілігімен,әртүрлі саяси күштердің ара-қатынасына байланысты жиі өзгереді.
4)Қоғам әрқашан өзгеріп,дамып,жылжып отыратындығы белгілі.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп,жетіліп жатады.Саяси даму деп-саяси іс-қимылдар,саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Сол сияқты біздің Қазақстанда да саяси процесте көптеген өзгерістер бар.Қазақстан дамушы ел болғанымен де Батыстан алары көп.Әсіресе,жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою,оны мемлекеттің езгісінен босату,олармен сауда-саттықты өрістету,тәжірибесін саралап,жақсы жағынан қабылдаумәдениетін бағалаужөн және т.б.десе де Қазақстанның тұптамыры Шығыспен байланысты.Оған дәлел-діні,мәдениеті,бұрынғы жазуы.Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық,ұжымдық,туыстық жақын.
Егер республикалық өркениетті елдердің даму жолын,тәжірибесін терең саралап,орынды пайдалана білсе,олардың жіберген қателіктерін қайталамай реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Қазақстанда шешімдер көп жағдайда біржақты жоғарыдан төмен түсірілу,әміршілдікке ұрыну, олар жабық жағдайда қабылдануы басым сияқты. Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп қалған.Сондықтан халықтың мәдени саясатын көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Олар өз құқықтарын, бостандық тарын қорғай білулері керек. Бұл жолда алдымен Конститутцияда көрсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері,оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы,сот билігіне шын мәнінде тармақталуы және т.б. ережелердің қалтықсыз орындалғандары шарт.
Елде экономикалық,саяси,құқықтық реформалар тынымсыз ойланып, терең толғанып қабылданып,іс жүзінде асып жатса,мемлекеттік емес қатынастар бекітіліп,өмірдің барлық саласында өркениетті қарым-қатынастар қалыптас ып жатса,демократиялық тәртіпке жылдам жетуге болады.
Либералдық демократиялық жолға түсу-бүгінгі таңда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпы адамзаттық құндылыққа жатады.Біздің мақсатымыз-ата-ба бамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай жүре,алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіріп,нағыз демократиялық жолға тезірек түсу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет