Зерттеулер нысаны мен әдістері Ғылыми-зерттеу нысаны ретінде Шығыс Қазақстан облысы, «Керейбай» шаруа
қожалығында жүргізілді. Зерттеу жұмыстары тәжірибедегі қозылардың ет өнімділігі
сойылымға дейінгі тірілей салмағын, малдың қоңдылық дәрежесін және ұшасын, сойыс
салмағы және сойыс шығымын, сорттарын және ұшаның морфологиялық құрамын жасына
қарай енесінен сүттен ажыратқанда және жазғы жайылымнан кейін сегіз айлығындағы
жұмсақ етінің химиялық құрамының көрсеткіштерін анықтау арқылы бағаланып жүргізілді.