66
бабамыздың атынан ұшақ жасалып, оны Шалабаев деген ұшқыш басқарып,
майданға аттанған еді.
1945 жылы соғыс бiтiп, бiз отбасымызбен үлкен арбаға жүгiмiздi тиеп,
Шәуілдірден екi күн жүріп Шымкентке көшіп келдік. Мен жетi жасқа толып,
Қ.Спатаев атындағы №7 мектепке оқуға түстім. Анам осы мектептiң оқу
жұмысын баскару (завуч) қызметiне кірді. Мектеп С.М.Киров көшесiндегi 13-
үйде орналасқан екі қабатты ғимарат екен. Бірінші қабатында оқушылар сабақ
оқыса, екінші қабаты оқушылардың жатақханасы. Мектеп-интернаттың бұл
жатақханасында әкелері соғыстан қайтпаған ер балалар тұратыны белгілі
болды.
Үйiмiз болмағандықтан бiзге мектептiң ең шеткі, дәлiзi бар бөлмесi
берілді. Әкем, анам, әжем және төрт бала осы бiр бөлмеде тұрдық. Үйде жалғыз
бiр кереует пен қазақтың көрпеше төсеп отыратын дөңгелек үстелі болды. Сол
үстелде бәрiмiз сабақ оқып, тамақ ішетінбіз.
Күз айларының соңғы күндерi едi. Бiздiң үйдiң алдына дәу дөнгелекті биiк
қоқан арбасы тоқтап, үстiнде ақ шапаны бар Қажымұқан ата түсті. Бөлмемiздiң
есігі аулаға қараған және екіжақты есiгiнiң бiр жағы шегеленулi болатын.
Палуан атамыз есікке сыймаған соң, мектептiң ағаш ұстасын шақырып, екi
жағын да аштыртып, қонағымызды үйге кiргiздiк. Тамақ жеп болған соң, шай
келдi. Қажымұқан ата төрде, кереуеттiң бойына төселген көрпешеде жастыққа
сүйеніп отырған. Кереуеттiң астында әкем «балалар кейiн жер» деп
Шәуілдірден алдырған қарбыздар жатқан. Палуан бабаның көзі соған түсіп
кетсе керек. Бiр уақытта ол:
– Айhай , карбыз болар ма едi! – дегенi .
– Қажеке, қарбыз бар, – деп әкем үлкенін таңдап, палуанның алдына кесіп
қойып жатты. Біз атаның алдында оған қарап, қимылдамай отырдық.
Палуан ата облыс басшыларына жолығатын бір шаруасымен келген екен.
Сол мәселе бойынша әкеммен ақылдаспақшы болып, бiздiң үйді арнайы iздеп
келіпті. Әңгiмелерi бiткен соң, әкем оны шығарып салды. Олар үйден
шыққанда палуан атаны көремiз деген мектеп оқушылары жиналып тұр екен.
Олар шулап, көпке дейiн палуанның соңынан шұбырып бара жатты. Ал палуан
ата болса өзiнiң биік арбасында таудай көрініп, жай-барақат кетіп бара жатты.
Бұл көрініс менiң есiмде мәңгі сақталып қалды. Шіркін, жүрегiңдi жылытып
ойландыратын, биікке самғататын осындай көрiнiстер неғұрлым ертерек, жас
кезден, көз алдыңнан өтiп бойыңа сiңсе, сөз жоқ, рухани байлығың өсiп, сенi
биiк белестерді бағындыруға итермелейді.
Әкем өмірінің соңына дейін 41 жыл Шымкент педагогикалык
институтында істеп, өмiрiн бiлiм мен ғылымға арнады. 1970-шы жылдары
Қажымұқан ұшағымен жауды кырған ұшқыш Шалабаевты iздеп тауып,
студенттермен кездесу кешiн ұйымдастырып, суретке де түскен.
Достарыңызбен бөлісу: