102
толғаныстары өзара үйлесім тауып жатады. Сондықтан да «жүрекке жылы тиетін
лиризм» жазушы Е.Тұрысовтың эсселеріне тән қасиет.
«Кеменгендің керуені» атты повесть-эсседе жазушының туған жерге деген
құштар көңілі көрініс тапқан. Аңызға айналған Келіншектау, Қаратудың ең биік
шоқысы Мыңжылқы, Майбұлақ тау өлкесі, Мұзбелдің биігі, көгілдір Боралай,
Бөген сулары, салқын самалды Сарыарқаға ұласқан елді мекен, қастерлі
Қаратаудың биігі мен сай-саласына сағымдай ұласып жатқан ұлан ғайыр дала
жазушы үшін ең қымбат, ең аяулы өлкелер. Арыстанды-Қарабастың қара
дауылын «Қаратаудың майда жібек самалы» деп қабылдайтын жазушы үшін
туған жердің әрбір тасы қастерлі. Ел мен жердің қадірін білетін жазушы үшін
тарихы терең көне Құмкент, қасиетті Қаратау қойнауы, шежірелі Созақ – ата-
бабадан мұра болып қалған баға жетпес ең асыл қазына.
Повесть-эсседе жазушы әртүрлі көркемдік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
кейіпкер бейнесін ашуда шеберлік танытқан. Қаламгер кейіпкерінің кескін-
келбетін жасауда ерекше қолтаңбасымен ерекшеленеді. М.Әуезов сынды ұлы
тұлғаның бейнесін оның портретін жасау арқылы да ашып көрсетеді. «Өр жағы
дөңестек келген айқара қасқа маңдай. Сөз мәнері, әңгіме ағысына қарай
тынымсыз түйісіп-жазылып тұратын қас-қабағының астында, ұясы кең, сырт
қияғы қысыңқы, мейір мен мархабат жылуына толы қолы да мұңды сияқтанған,
жанары жарық қоңырқай көздер», «Бұрынғы өз келбетіне жарасқан маңдайды
айнала көмкеріп, қос самайды өрлеп асау толқындай өрге тулап жатқан көкбұйда
шашы селдіреп, қиялай құлап жатыр» [3, 22-23 бб].
Шығарманың эстетикалық мәні, оқырманға әсері оның көркемдік деңгейіне,
көркемдік құнарлығына байланысты. Кейіпкер бейнесін жинақтауға ықпал ететін
көркемдік әдістер, бейнелеуші-көркемдеуші құралдар жүйесі, кейіпкер мінезін
жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылу аясы, шығарманың жалпы
көркемдік болмыс-бітімі жазушы Е.Тұрысов шығармашылығында үлкен
жетістігімен көзге түседі. Қазақ әдебиетінде Е.Тұрысов өзіндік үрдісімен, өзіндік
қолтаңбасымен танылған қаламгер.
Достарыңызбен бөлісу: