Семинар сабағы 15 c ағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 15 сағат



бет4/5
Дата02.04.2020
өлшемі327 Kb.
#61393
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жүзу (2)


Қабілеттілік-баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл, әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.

Спорттағы дарындылық дегеніміз –бала қабілеттілігінің , оның анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы.

Баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмытылысын, спорт түрімен шұғылданғысы келуін ескеріп сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз.Оны бірнеше түрге бөлуге болады.

  1. Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепке сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері , стендтері, көрмелер , радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру т.б.

  2. Спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы көретін спорт түрі туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді .

  3. Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау.

  4. Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты нәтижелі айналысуға болатын спорт түріне бағыттау .

Оқушының дарындылығын,спорттық көрсеткіштерін ескеріп нақтылы спорт түріне іріктеуді спорттық іріктеу дейміз. Спорттық көрсеткіштер: спорт түрлері жаттығуларының техникасын жақсы меңгере білуі, дене қуаты дайындығы сынақ жаттығуларынан жақсы көрсеткіштер көрсетуі, сол спорт түріне қажет дене қуаты қасиетерінің даму деңгейі т.с.с.

Жаттықтырушы дарынды балаларды іріктеп алып, оларды жоғарғы жетістіктерге жеткізуді жауапкершілігіне алады . Спорттағы іріктеу бірінші және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу- келешек спортшымен танысу, оны жан-жақты зерттеу . Ол мынандай әр түрлі іріктеу түрлерінен тұрады:



  1. Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау.

  2. Дене құрылысы ерекшеліктерін көру , бағалау.

  3. Психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі)

  4. Ата-аналармен танысу

Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн (ағзаның құрылысы және дене мүшелері ). Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза , граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы , ауыр салмақты болумен бірге , айналу амплитудасымен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жету үшін суға жүзу спорт түрлеріндегі баланың алақаны мен табанының жалпақтығының өзінің бірталай әсері бар екен.

Баланың денесінің, дене мүшелерінің өсуін , келешекте қандай болуын болжап, бағдарлаудың көп маңызы бар. Мысалы, баланың бойы 8-9 жас кезінде жанындағы балалардан биік болса , ол 18-19 жасқа дейін солай болып сақталады екен. Ал салмағының келешекте қандай болатынын болжап айту өте қиын.



Физиологиялық ерекшеліктер. Физиологиялық ерекшеліктер ағзаның қозғалысын ғана емес вегетативтік (қызметтік ) жүйесінің сипаттамасында көрсетеді. Жүгіру , шаңғы коньки спорттар іріктеу кезінде оттегін барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы зерттейміз. Ол деңгей неғұрлым жоғары болса адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады. Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30 пайыз ғана көтере алатынын ғалымдарымыз дәлелдеп отыр. Сондықтан спортқа табиғи дарынды балаларды іздеу қажет. Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексеріледі.

Психологиялық ерекшеліктер. Оқушылар жүйке-жүйелеріне байланысты мықты және жылдам психикалы спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бірқалыпты , ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде жылдам жүйке жүйеле спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген.Жүйке жүйелерінің күштері қозу процесінің ұзақ сақталуына (яғни қозуды орталық жүйке жүйесінде ұзақ сақтай мүмкіншілігі), қозу және тежелу прцестерінің теңдігіне байланысты . Жүйке жүйесі жылдам спортшыларды қозу процесі тежелу прцесінен көбірек болғандықтан , олар тез шаршайды .

Бірақ кейбір спорт түрлерінің өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, спринтерлердің жүйкесі жылдам, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу процесінен көбірек болып келеді. Жүйке жүйесі жылдам адам боксте , семсерлесуде т.б. осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады . Жүйке жүйесінің осы ерекшеліктері туа бітер қасиет , ол жаттықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктеуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн.



Тұқым қуалаушылық факторлары. Қазіргі кезде осы факторларға ерекше назар аударылып отыр. Адам ағзасының құрылысы ,салмағы ата-анадан балаға тұқым қуалау арқылы берілетіні дәлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс қабілеттілігінің арасында байланыс бар екені білгілі (мысалы , қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.). Атақты спортшылар балаларының жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндігі әлдеқайда көп.

Спорт түрін таңдау себептері. Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға , өзіне сенімділікке, мықты , күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады. Балалардың спорт түрін таңдауына жалпылама үгіт , насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар ата-аналары да баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне жазылуға ақыл кеңестерін бергені жөн.

Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген, әр түрлі амалдар қолданады:


  1. Жарыс. Бұл амал ресми және әр түрлі бәсеке түрінде өтеді.

  2. Жаттықтыру . Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау .

  3. Бақылау сынақтары .Жаттықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу.

  4. Адам ағзасын зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.

13 СОӨЖ Тақырыбы: Мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарының тізімі



Төзімділік - бұл тиімділікті төмендетпейжаттыауды узақ жасау қабілеті.

Төзімділікті тестілердің екі тобы арқылы өлшейді: арнайы емес (олардың нәтижелері бойынша өсіп келе жатырған шаршаудың Жағдайында тиімді жарысуға немесе жаттығуға спортшының потенциальдық мүмкіндіктері бағаланады) және арнайы (олардың нәтижелері бұл потенциалдық мүмкіндіктерді жүзеге асыруының сатысын қамтып көрсетеді).

Стандартизацияның Халықаралық комитеттің нұсқауларына сәйкес төзімділікті өлшеудің арнайы емес тестілеріне келесілер жатады:

1) третбаняда жүгіру;

2) велоэргометрде педальды айналдыру;

3) степ-тест.

Бұл қозғалтқыш тапсырмаларды орындаудың жағдайлары қатаң стандартты түрінде болу қажет; көбіне эргометриялық және физиологиялық көрсеткіштермен келесілер болады: уақыт, тапсырманы орындаудың көлемі және интенсивтігі; физиологиялық көрсеткіштер - бұл О2 - тұтыну, тамыр соғу жиілігі, анаэробтық алмасудың табалдырылығы және т.с.с.

Тестілерді орындаудың құрылымы жарыстағыға жақын болған жағдайда олар арнайы тестілер ретінде болып табылады. Сондықтан, жүгірушілерді третбаня және велосипед тебушілерді велоэргометрде тест алудан өткізгенде оларды арнайы төзімділік бақылаудың әдісі ретінде қарастыру қажет.


14 СОӨЖ Тақырыбы: Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата – аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.

Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрлі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру ланерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балаладың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:



  1. Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту.

  2. Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізуді ұйымдастыру.

  3. Дене мәдениеті саласының әрбір бөлңмдеріне көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.

  4. Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру.

Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп, жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
15 СОӨЖ Тақырыбы: Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары мен амалдары

Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілігімен дағдысын қалыптастыруда , арнайы білім беруде, дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін, спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады.



«Жаттыққандық»- дегеніміз жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы.

«Дайындалғандық» спортшының дене қуаты қасиеттерінің, техникалық шеберлігінің, тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғарғы деңгейге жетуі. «Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кез-келгеніне жеке де арналуы мүмкін.

«Спорттық қалып, спорттық бап» спортшының белгілі бір циклде спорттық жоғары нәтижелер көрсетуге дайын күйі.

Спорттық жаттықтыру амалдары Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.

Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді:

І. Жарыс жаттығулары;

ІІ. Арнайы дайындық жаттығулары ;

ІІІ. Жалпы дайындық жаттығулары.

І . Жарыс кезінде орындалатын негізгіт жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары ережесіне сәйкес орындалуы керек.

ІІ. Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:


  1. Жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл, әрекеттер.

  2. Дайындық жаттығулар –негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жаттығулар.

  3. Жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар .Мысалы, гимнастардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері т.б.

  4. Бейнелеу жаттығулары- жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (Конькимен жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі т.б.)

  5. Басқа спорт түрлерінің жаттығулары (акробатикадағы сальто жасауды суға секірушінің қолдануы және т.б.).

ІІІ. Жалпы дайындық жаттығулары спорт жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл, қозғалыс қорын көбейтуге , жалпы жаттыққандығын жоғарлатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгіріп отырады.

8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар- қарастырылдмаған




9.Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат)
1 Жүзудің шығу тарихы.

  1. Олимпиада ойындарындағы жүзу спорты.

  2. Кроль әдісімен жүзу техникасы.

  3. Барсс әдісімен жүзу техникасы.

  4. Батерфляй әдісімен жүзу техникасы.

  5. Қазақстанда жүзу спортының дамуы.

  6. Сөреден секіру техникасы.

  7. Бұрылыстар техникасы.

  8. Мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері.

  9. Жүзу спортын оқытудың әдістері мен құралдары.

  10. Судағы қимылдық ойындар.

  11. Судағы поло.

  12. Көркем жүзу.

  13. Су асты спорты.

  14. Сауықтыру жүзу спорты.

  15. Жарыс құжаттарын ұйымдастыру.

  16. Жүзушілердің дайындық деңгейін анықтау.

  17. Спорттық жаттығулардың әдістемесінің негіздері.

  18. Жүзу спортында жылдамдық пен күшті дамыту әдістері мен құралдары.

  19. Жүзудегі терминология және белгілер

  20. Спорт бассейіндерін эксплуатациялау ережелері.

  21. Таулы аймақтарда дайындық әдістемесі және ұйымдастыру ерекшеліктері.

  22. Синхронды жүзу.

  23. Суға секіру әдстері, түрлері.



10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі - қарастырылмаған
.

11.Студенттердің білімін тексеруге арналған материалдар.

    1. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет.

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

Бағалау саясаты:


«Спорттық негіздерінің қолданбалы дене дайындығы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі.



Бағалау

критериясы



Бағалау түрі

Жұмалар

Жұмыс бірлігі

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1.

Сабаққа қатысу, сабақ үстіндегі белсенділік үшін

0,4

6

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2.

Аралық бақылау (ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау)

1,4

21

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3.


Аралық бақылау (СӨЖ тапсырмаларын орындау)

1,0

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Аралық бақылау (қорытынды)


9

18



















+






















+




P1+P2




60














































5.

Емтихан




40

















































БАРЛЫҒЫ




100















































Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Баға

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4,0

95-100

ӨТЕ ЖАҚСЫ

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ



B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ



C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТСЫЗ


1.7.Курс саясаты және іс жосығы
Курс саясаты оқу үрдісінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар

Курс бойынша жоғары баға алу үшін әрдайым еңбектену қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір несие сағат бойынша жинаған баллдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).


  1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалуы қажет. Пәннің 3|1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2.Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3.Студенттің өзімен орындалатын жұмыс (СӨЖ)

СӨЖ орындалуға міндетті және сол арқылы есеп беру оқытушының белгілеген уақытында қабылданады. Сол есеп бойынша баға шығарылып, қорытынды бағаға әсері болады.

4.Рефераттар жазып тапсыру

Студент реферат тақырыбын алғаннан кейін көпке созғыламай уақытында оқытушыға тапсырып, оны қорғау қажет. Бұның да ақырғы бағаға әсері болады.

5. Бақылау жұмысы



Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен емтиханды тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеріледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет