Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет18/23
Дата23.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150458
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

ТІЛДІК ЖАНЖАЛ (орыс. языковой конфликт) – тілдік қарым-қатынас жағдаятындағы ерекше өткір өзара əсер етушілігі. Т.ж. негізінде этнодемографиялық, əлеуметтік, идеологиялық, саяси жəне экономикалық себептер жатады, сондықтан Т.ж. көбінесе тілдердің түрлі мəртебелері бар жəне қоғамдық қызметі теңестірілмеген гетрегенді этносты елдерде пайда болады.
ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ – белгілі бір географиялық немесе саяси-əкімшілік құрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-əлеуметтік жəне қызметтік қатынасына байланысты өмір сүруі.
Этнолингвистика – (грекше ethnos – «халық» және латынша lingua – «тіл», французша inguistigui – «тілтану») Ә.Қайдардың анықтамасы бойынша, этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың жаңа да дербес бір саласы. Ал «Этнос» сөзінің өзі нені білдіретіні жайында айтатын болсақ, оның қазіргі ғылыми айналымдағы мән-мағынасын Ақселеу Сейдімбек «Қазақ әлемі» этномәдени пайымдауларға арналған еңбегінде былайша тұжырымдауға болатынын жазған: белгілі бір мекенде тарихи өсіп-өнген, ортақ және орныққан тілі, мәдениеті, психикасы бар, сондай-ақ өздерінің әрі біртұтастығын, әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін сана-сезімі қалыптасқан, өзіндік атауға (этноним) ие адамдар қауымын «этнос» дейді [3, 19]. Тіл әлемінің өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да – «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол этностың инсандық және дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Ғалымның көрсетуінше, этнолингвистика термині ғылым саласында көптен бері қолданылып келе жатса да, ол туралы пікір таластар әлі күнге дейін жалғасуда. Этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарастырып келе жатқан ғалымдар этнолингвистиканың «Этнос пен этнос тілі» негізінде қалыптасқанын толық мойындаса да, оладың өзара қатыстылығы мен үйлесімін айқындауға келгенде бір жерден шыға алмай жүр. Мәселен, Ф де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихының өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде таниды. Сол сияқты Э.Сепирдің этнография, салт-дәстүр, мифология т.б. осы сияқты ұғымдарды этнос болмысымен шендестіріп, «тіл әлемін» тілдің символдық қызметімен шектеп көрсеткісі келетінін де келтіріп өтеді [4, 9].
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр. Мұны белгілі ғалым профессор М.М.Копыленко өзінің «Этнолингвистиканың негіздері» деп аталатын еңбегінде айқын көрсетіп отыр. Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың дамып, қалыптасүына бірден-бір үлесін қосушы Ә.Қайдардың зерттеулеріндегі бағытының ерекшелігін М.М.Копыленко айрықша атап өтеді. Ә.Қайдар бастаған бағыт, негізінен, этносты тіл айнасында бейнеленуін қарастырады. Академик ұлт тарихының құндылықтарының атадан балаға тарауына негіз болатын тілдің кумулятивтік қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтеді. Этнолингвистика саласынан тіл арқылы мәдениеттанудың басқа да бағыттары бастау алатынын, әрі ұлт менталдылығының негізін айқындайтын бағыттар екені айқын. Мұндай синтездік талдау өз тұсында тілдік факторды жасайтын Адам - Қоғам – Табиғат – макрожүйе, табиғи жүйе бойынша сараланатын әртүрлі топтар – микрожүйе ретінде этнолингвистиканың идеографиялық объектіге айналуы тіл-тілдегі бұрын болмаған мүлде жаңа зерттеу үлгісін көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың негізін қалаған ғалымның бағалы да құнды ғылыми ой пікірлерінен кейін, осы салада тілші ғалымдар Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов, Г.Смағұлова, Р.А.Авакова, Ж.А.Манкеева, Э.Оразалиева т.б. бұл пәнді әр қырынан қарастырып, құнды ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды.
14 практикалық сабақтың тақырыбы:Қазақ тілінің ғаламның мифтік-поэтикалық-тілдік бейнесінің менталды моделдерін бейнелеуі.
Тапсырмалар:

  1. Əлем мемлекеттерінің тіл саясатын жүргізудегі өнегелі тəжірибесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет