17
өлшеу дәлдігінің оптималды нормалары мен өлшенетін параметрлердің
номенклатураларын қою, талап етілген дәлдікте өлшеуді орындау әдістерін
дайындау және енгізу болып табылады.
Өнімді бақылау және дайындаудың типті технологиялық үрдістерінің
стандарттауы қолданылатын өлшеу құралдарына (ӨҚ) қажетті метрологиялық
қызмет көрсетуді талап етеді.
Метрологиялық
қамтамасыздандырудың
стандарттаудың
ғылыми-
техникалық деңгейін, өнімнің сапасы мен оның қолданылу тиімділігін
жоғарылатуда маңызды орын алатынын есепке ала отырып, ҚР Мемстандарты
негізгі стандарттардың жиынтығына метрологиялық қамтамасыздандырудың
негізгі жағдайларын регламенттейтін Мемлекеттік өлшем бірліктерін
қамтамасыз ету жүйесін (ӨМЖ) бекітті және енгізді.
Жалпы айтқанда ҚР СТ 2.0-2001 стандарты бойынша метрологиялық
қамтамасыздандыру деп өлшеудің талап етілген дәлдігі мен бірліктеріне қол
жеткізуге қажетті нормалар мен ережелерді, техникалық құрал жабдықтарды,
ғылыми және қалыптасқан негізгі қағидаларды қолдану арқылы жетуді айтады.
Өлшенетін ақпараттарға келесі талаптар қойылады: өлшеудің нәтижелері
заңдастырылған бірліктермен берілуі тиіс, өлшеудің қателігі белгілі болуы тиіс
және бұл қателік орнатылған шақтамадан асып кетпеуі керек.
Метрологиялық қамтамасыздандырудың негізгі мақсаттары:
1. Метрологияның негізгі даму бағыттары мен ондағы ғылыми және
техникалық
жетістіктерді
тиімді
қолданудың
жолдарын
анықтау,
метрологиялық
қамтамасыздандырудың
ғылыми-әдістемелік
және
ұйымдастырылу негіздерін дайындау.
2. Физикалық шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесін құру.
3. Өлшеу құралдарын мемлекеттік сынауды жоспарлау және жүргізу, ҚР-да
қолданысқа өткізілген өлшеу құралдарының типтерін бекіту.
4. Өлшеу құралдарын мемлекеттік бақылау, олардың өндірісіне, жағдайына,
қолданылуы мен жөндеуден өткізілуіне және
метрологиялық ережелердің
сақталуына бақылау жүргізу.
5. Метрология саласында стандарттаудың дамуы мен жетілдірілуі.
6.
Метрология
саласында
халықаралық
ынтымақ
жұмыстарын
ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: