Сертификаттау


 Стандарттау және денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет21/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

 
1.5 Стандарттау және денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі 
 
Стандарттау  мәселесі  адамдардың  денсаулығы  мен  еңбек  қауіпсіздігін 


 
20 
қорғауда  әрқашан  ақтуалды.  Стандарттардың  жеткілікті  көлемдегі  бөлігі  ток 
күшінің,  шудың,  шаңның,  сәулеленудің  жарықтандырудың  және  т.б. 
көрсеткіштердің қажетті деңгейлерін анықтады. 
Соңғы  уақытта  отандық  өнеркәсіптер  жұмыстарының  тәжірибесінде 
денсаулықты  қорғау  мен  еңбек  қауіпсіздігі  стандарттарының  мәні  артуда.  Бұл 
Қазақстанның  Дүниежүзілік  Сауда  Ұйымына  қадам  басуымен,  мемлекеттің 
дамуы мен жаңа экономика талаптарымен айқындалады.
 
Қазақстандық өнеркәсіптердің көптеген шетелдік серіктестіктері ИСО 9000 
сапа  жүйесінің  халықаралық  сертификатын  алу  талаптарымен  қатар  OHSAS 
18001:2007  (Occupational  health  and  safety  management  systems)  халықаралық 
стандарттың  талаптарына  жауап  беретін  денсаулықты  қорғау  және  еңбек 
қауіпсіздігі  жүйесінің  халықаралық  сертификатының  бар  болуын  талап  етуде. 
Бұл  стандарт  бірлестіктерде  келеңсіз  жағдайлардың  орын  алуын  азайтатын, 
яғни 
жабдықтар 
сынуының, 
қызметкерлер 
жарақаттануының 
және 
денсаулығына  қауіп  төндіретін  оқиғалардың  алдын  алып  отыратын  жұмыс 
жүйесінің құрылуына әсер етеді.
 
Мұндай  халықаралық  стандарттың  қажеттілігі  күмән  тудырмайды.  Бұл 
келесі  қағидалармен  айқындалады:  жаһандану  үрдісі  мемлекеттердің 
экономикалық 
байланыстарын 
кеңейтуде, 
өнімнің 
өндірісі 
мен 
тауарайналымының көлемін жоғарылатуда, жаңа технологиялардың қуаты мен 
жылдамдығын  тұрақты  түрде  өсіруде,  осының  барлығы  жабдықтардың 
авариялық  жағдайларға  ұшырап,  адамдар  мен  қоршаған  ортаға  экологиялық 
жүктемелердің  түсуін  көбейтіп,  ұзақ  уақытқа  дейін  ұмытылмастай  ететін 
оқиғаларға  жеткізуі  мүмкін.  Мысал  ретінде,  Чернобыльдегі  атом  электр 
станциясының,  алып  мұнай  құятын  танкерлердің,  ірі  әуе  кемелерінің 
жарылыстырын келтіруге болады. Жаңа әлем өндіріс обьектілерімен қаныққан, 
бұл  әсіресе,  Жапония,  АҚШ,  Еуропа  сияқты  жоғары  деңгейде  дамыған 
өңірлерге тән сипат. Бұл өнеркәсіптік елдер қазір экономикада жаңа белестерге 
көтерілуде, олар өздерінің жетістіктерін жоғары қояды және өз ауқымында, сол 
тәрізді  көрші  елдерде  де  ешқандай  техногенді  жағдайлардың  болмауын 
қалайды.  Өндірістегі  апаттардың  негізгі  себебі  «адамдық»  фактор  болып 
табылады,  ешқандай  автоматтандыру  өндірістің  толық  қауіпсіздікте  болуына 
кепілдік бере алмайды. Адам бұрынғыдай соңғы шешімді қабылдайтын, басты 
фигура  болып  қалады.  Өндірістік  ортада  адамның  әрекеті  көптеген:  кәсіби 
білім, тәжірибе, көңіл-күй, физикалық қалып және т.б. факторларға негізделеді
 
Кейбір жағдайларда адамның іс-әрекетін болжау өте қиын. Нәтижесі қандай 
жағдайға  әкелетінін  анықтау  қиын  әрекеттерді  болжауды  болдырмау  үшін, 
адамның өндірісте барлық іс-әрекетін толығымен жазып отыратын іс-әрекеттер 
жүйесінің  халықаралық  стандарттары,  әсіресе,  оның  түсініксіз  іс-әрекеттерін 
штаттық  емес  жағдайларда  болдырмау  үшін  енгізілуде.  Бұл  ИСО  9000  сапа 
жүйесінің  стандарттары  мен  OHSAS  18001  стандартында  қамтылған  жалпы 
қағида.
 
Соңғы  уақытта  стандарттау  өз  қызметтерінің  саласын  кеңейтуде,  ол  жеке 
түрде әлеуметтік қатынастарға енгізілуде. Бұл үрдіс БҰҰ-ның «тұрақты даму» 
жаңа концепциясының қабылдануымен, экономиканың жаһандануымен негізге 


 
21 
алынды. 
1997  жылы  Кеңестің  аккредиттеу  бойынша  агенттігімен  экономикалық 
бағыт  бойынша  SA  8000:1997  «Әлеуметтік  жауапкершілік»  (Social 
Accountability)  халықаралық  стандарты  дайындалды  және  енгізілді.  Стандарт 
2001 жылы жаңартылды.
 
SA  8000  стандарты  кез  келген  бірлестікте  оның  көлеміне,  меншіктік 
пішініне  және  қызмет  түрлеріне  қарамастан  қолданылады.  Ол  бала  еңбегіне, 
қажетті  еңбекке  қатысты,  тәртіптік  әдістердің,  еңбек  ақысының  кепілдігі  мен 
әлеуметтік қамтамасыздандырудың, жұмыс күнінің ұзақтылығының, денсаулық 
пен  қауіпсіздіктің,  қауымдастықтар  бостандығының,  ұжымдық  келіссөздердің, 
сонымен  бірге  басқару  жүйесінің  мониторингтерінің  бағдарламалары  мен 
стандарттар  қатарын  қамтиды.  Бұл  стандарттың  талаптары  географиялық 
орналасуға,  қызметтің  саласына,  компанияның  көлемі  мен  меншіктік  пішініне 
тәуелсіз қолдануға ыңғайлы. 
SA  8000  стандарты  ерікті  сертификаттауды  жүргізу  үшін  үшінші  жақтың 
қатысуымен  әлеуметтік  жауапкершіліктің  бақыланып  отыратын,  реттелген 
стандартын  орнатуға  бағытталған.  SA  8000  стандарты  Бала  Құқығы  бойынша 
БҰҰ-ның  Конвенциясына,  Адам  Құқығының  Жалпы  Декларациясына  және 
Халықаралық  Еңбек  Бірлестігінің  (ХЕБ)  конвенциясының  11  қағидасына 
негізделеді.
 
Бұл стандартқа келесі талаптар енгізілген: 
1.  Дамымаған  елдерде  14  жастан,  дамыған  елдерде  15  жастан  кіші 
балаларды жұмысқа алуға болмайды. 
2. Қамауға алынғандар мен әкімшіліктік жауапкершілікке тартылғандардың 
еңбегін  қоса  алғанда,  жұмысшыларды  өз  еріктеріне  қарсы  жұмыс  істетуге 
болмайды. 
3.  Жұмысшылардың  қауіпсіздігі  мен  денсаулығын  қамтамасыз  ету 
мақсатында  іс-шаралар  қабылдау  қажет.  Жұмыс  істеу  қауіпсіз  және  қоршаған 
ортанның  тазалығын  қамтамасыз  ету,  техника  қауіпсіздігінің  барлық 
талаптарын орындау, жұмысшыларды толық көлемді оқыту, сапалы тұрмыстық 
ауыз суға қол жеткізу сияқты іс-шаралар атқарылуы тиіс. 
4. 
Жұмысшыларды  жұмыс  берушілермен  келіссөздер  жүргізуде 
бостандықпен  қамтамасыз  ету  қажет.  Кәсіподақтардың,  ассоциациялардың 
және басқа да жұмысшылар қауымдастықтарының бостандығы. 
5. Кез келген шектеулерге тиым салу. Жыныстық, діни, денелік шектеулер, 
жас мөлшері және т.б. белгілер бойынша бөлулерді болдырмау. 
6.  Жұмыс  берушілер  тәртіптік  қалыптандырылған  әсерлерді  қолданбау 
керек,  ең  кем  дегенде,  жұмысшылар  мемлекетпен  бекітілген  минималды 
мөлшердегі  еңбек  ақы  алуы  тиіс.  Жұмысшыларды  масқаралауға,  денелік 
жазалауға, денелік немесе ойлық қысым көрсетуге толығымен тыйым салу. 
7. Жұмыс уақыты аптасына 48 сағат болуы тиіс, ал жоғары нормалы жұмыс 
аптасына 12 сағаттан аспауы тиіс. 
8. Басқару жүйесі стандартталуы тиіс.
 
Стандарттың  қорытынды  бөлімінде  алдағы  уақытта  стандарттың 
талаптарына сәйкестілікті қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелерді анықтайтын 


 
22 
басқару жүйелері қарастырылады. 
Бұл  стандарттың  қолданылуы  жұмысшыны  өндірісте  жиынтықтық 
қорғауды қаматамасыз етуге мүмкіндік береді, тек қана дене денсаулығын емес, 
әлеуметтік-моральді қорғанысын қамтамасыз етеді, адамның жеке тұлға ретінде 
толыққанды  дамуына  шарттар  жасайды,  азамат  және  адам  ретінде  негізгі 
құқықтарын  қамтамасыз  етеді.  Берілген  жағдайда  стандарттау  құқықтық 
қамтамасыздандырудың заңдық функцияларын өзіне алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет