264
Қазақстан Республикасының ТР МЖ орнатылған рет бойынша
аккредиттелген шетел ұйымдарының сертификаты немесе сәйкестік белгісі.
Сертификаттау органында тіркелген өнімнің қауіпсіздігі туралы өтінім-
декларация.
Көрсетілетін қызмет
– орындаушы мен тұтынушының тікелей әрекеттері
мен орындаушының тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы өз іс-
әрекетінің нәтижесі.
Халыққа көрсетілетін қызмет өзінің функционалдық арналуына байланысты
екі топқа бөлінеді:
– материалдық қызмет, бұйымның тұтынушылық қасиеттерінің орнына
келуін (өзгеру, сақталу) қамтамасыз ететін немесе азаматтар тапсырысы
бойынша жаңа бұйым жасау, сонымен қатар жүк пен жолаушы тасымалдау,
сауда-саттық, банктік қызметтер. Мысалы, тұрмыстық қызмет, тұрғын үй-
коммуналдық қызмет, қоғамдық тамақтану қызметі, тасымал құралдары
қызметі және т.с.с.
– материалдық емес қызмет, денсаулықты түзету мен қалпында ұстауды,
адамның ішкі дүниесі мен дене дамуын, кәсіптік шеберлікті көтеру жағын
қамтамасыз ететін мәдени-әлеуметтік қызметтерге медициналық қызмет,
мәдениет қызметі, білім беру, туризм және т.б.
Орындаушының қызмет көрсетуге қажетті іс-әрекетін қызмет көрсету
процесі деп атаймыз.
Сертификаттау мақсатымен біртекті қызметтер тобы тізімі жасалынады,
оларға:
тұрмыстық радиоэлектрондық жабдықтарды, тұрмыстық электр
машиналары мен приборларын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету;
сұйық және газ тәрізді отында жұмыс істейтін тұрмыстық құралдарды
жөндеу;
автокөлік құралдарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету;
химиялық тазалау мен бояу, кір жуу қызметі;
туристік–экскурсиялық және қонақүй қызметі;
қоғамдық тамақтану қызметі;
жолаушы тасымалдау қызметі;
жиһаз жасау мен жөндеу қызметі;
байланыс қызметі;
киім тігу және жөндеу қызметі;
аяқ киім тігу, бояу және жөндеу қызметі жатады.
Нақты қызмет көрсету түріне нормативтік құжат жасаған бойда біртекті
қызмет көрсету тобының тізімі кеңейіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: