Сертификаттау


  Стандарттау  және  Қазақстанның  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына



Pdf көрінісі
бет47/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

1.12  Стандарттау  және  Қазақстанның  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына 
(ДСҰ) мүше болуы 
 
Қазақстан  Республикасы  өз  дамуында  жасайтын  үлкен  қадамдарының  бірі 
Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  (ДСҰ)  кіру.  Қазіргі  уақытта  әлемдегі  сауда 
айналымының  95  пайызы  ДСҰ  мүше  елдерінің  қанжығасында,  Қазақстанның 
50  пайыздан  аса  сауда  айналымы  ДСҰ  мүше-мемлекеттеріне  келеді,  ал  бұл 
ұйымға  Украина  мен  Ресей  Федерациясы  кіргеннен  соң,  сауда  айналымы  90 
пайызға  жетеді  деуге  болады.  Бүгінгі  күні  әлемнің  151  мемлекеті  –  ДСҰ 
мүшесі.  ТМД  елдерінен  Қырғыз  Республикасы,  Грузия  және  Украина  ДСҰ 
мүшесі. 
Еліміз үшін ДСҰ мүше болу дегеніміз, бұл әлемдік өнеркәсіп, сауда, білім 
және  ғылым  кеңістігіне  кіру.  Осы  кеңістіктен  сырт,  дамыған  елдерге  қосалқы 
болып  қалмау  үшін  көптеген  істер  қолға  алынуда.  Стандарттау,  білім,  сапаны 
басқару саласында реформалар енгізілуде, ғылымды жан-жақты дамытуға үлес 
қосатын  өндеу  технологиялары  және  өндірістері  үшін  инновациялық  даму 
бағдарламалары жасалуда. 
1996  жылдың  29  қаңтарында  Қазақстан  Республикасы  Дүниежүзілік  сауда 
ұйымына  кіру  туралы  өтініш  жасады.  Қазақстан  Республикасының 
территориясында  жасалып  және  енгізіліп  жатқан  стандарттардың  барлығы 
халықаралық  талаптар  мен  нормаларға  сәйкес,  «Техникалық  реттеу  туралы» 
жаңа заң қабылданды. 
Білім және ғылым жүйесі Болон конвенциясының (ДСҰ кіру шарттарының 
бірі)  талаптарына  сәйкестендірілуде  –  орта  мектепте  12  жылдық  білім  беру, 
жоғары мектепте үш деңгейлік – бакалавриат, магистратура және докторантура, 
біліктілігі жоғары ғылыми қызметкерлердің деңгейін бағалау жүйесі өзгертілді, 
білім  бағалауда  тестілеу  жүйесі  жаппай  енгізілуде  және  жоғарғы  оқу 
орындарында кредиттік оқу жүйесі, 2004 жылдың 9 шілдесінде Патенттік заңға 
халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін өзгертулер енгізілді және т.б. 
Тактикалық жоспар бойынша ДСҰ мүше болу Қазақстанға не береді: 
-
 
Қазақстан  ашық  нарықты  экономикасы  бар,  дамуына  көмектесетін 
әлемдік  шаруашылық  пен  құрылымға  кіреді,  барлық  ДСҰ  мүше-
мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынас режиміне енеді; 
-
 
Қазақстан өзінің тауарларына қосымша және пайдалы транзиттік жолдар 
ашады.  Бұл  Қазақстанның  отандық  өңдеу  өнеркәсіп  тауарларымен  сыртқы 
сауданы дамытуға үлесін қосады; 
-
 
Елімізге  болашақта  өңдеу  өндірістері  мен  жоғары  технологияларды 
дамыту жағынан инвестицияларды тартуға әкеледі; 
- Қазақстан үшін сауда дамуында, әсіресе, қазақстандық экспорт тауарларға 
қатысты  антидемпингтік  талқылауда  ДСҰ  процедураларымен  қарастырылған 
сауда-саясаттық  таласта  ДСҰ  режимі  әділеттілік  негізінде  жүргізіледі  деген 
сенім береді; 


 
44 
-  Қазақстан  әлемдік  сауданы  реттеуге  арналған  нормаларды  жасауда  ұлт 
мүддесін қорғауға құқық алады

Тиімді  сауда  саясатын  жүргізуге  көмек  беретін  ДСҰ  мүше 
мемлекеттерінің  сыртқы  экономикалық  саясаты  және  өкіметтерінің 
емеуріндерін білуге болатын ақпараттарды алуға мүмкіндік туады; 
-  Халықаралық  сапа  стандарттарын  енгізу  және  алдыңғы  қатардағы 
технологиялар,  тауар,  қызмет  және  инвестицияларды  ішкі  нарыққа  тарту, 
ұлттық  өнімдердің  сапасын  көтеру  және  бәсекелестікке  қабылетін  арттыру 
шараларын жүргізеді; 
-  Импорттың  көбеюі  арқылы  тұтынушы  тауарды  төмен  бағаға  және  кең 
ауқымды түрлерін алуға мүмкіндік алады. 
Осы артықшылықтарды іске асыруда мына мақсаттарға қол жеткіземіз: 
1.
 
Экономикамыздың  бәсекелестігін  көтеру
.  Шикізатқа  бағытталған 
өндірістен  өнім  өндіру  үлесін  жоғарылатуға  көшу.  Экономиканың  өңдеу 
секторларында шетел инвесторларымен ұзақ уақыттық қарым-қатынасты жолға 
қою. 
2.
 
Алдыңғы қатардағы әлемдік деңгейге сәйкес өндіріс пен қызмет көрсету 
саласының  нормативтік  базасын  құру
.  ДСҰ  мүше  болу  тілегі  Қазақстанды 
прогрессивтік  экономикалық  заңдарды  қабылдауға  жетеледі.  Біріншіден,  бұл 
«Техникалық  реттеу  туралы»  заң,  патенттік  заңға  енгізілген  өзгерістер,  салық 
кодексі,  «  Теміржол  көлігі  туралы»,  «Білім  туралы»  заңдар,  ИСО  9000  сапа 
жүйесін  сертификаттау,  ИСО  14000  экологиялық,  OHSAS  18001  денсаулықты 
қорғау  және  еңбек  қауіпсіздігі  халықаралық  стандарттарын  енгізу.  Қазақстан 
сырттан  әкелінген  өнімдер  мен  кәсіпорындарға  қойылатын  экологиялық 
талаптарды  қатайтты.  Мысалы,  өндірілген  жанармай  сапасын  көтеру, 
автомобильдер үшін қатаң ережелер- Euro 2, 4, 5. 
3.
 
Білім  және  ғылым  деңгейін  көтеру.
  ДСҰ  кіру  шарттарының  бірі  біздің 
білім  жүйесін  Болон  конвенциясының  талаптарына  сәйкестендіру.  Орта 
мектепте 12 жылдық білім беру, жоғары оқу орындарында үш деңгейлік білім 
беру,  ғылыми  кадрларды  аттестаттаудың  жаңа  жүйесін  енгізу.  Мамандарды 
даярлау жақсартылады және замануи талаптарға сәйкес жүргізіледі, ғылым мен 
техникадағы  шетел  жетістіктерін  тез  игереміз.  Білім  саласында  Қазақстан 
Болон конвенциясына қосылды. 
4.
 
Әлемдік  шаруашылық  жүйесіне  қосылу
.  ДСҰ  мүше-мемлекеттеріне 
азаматтарымыздың көшіп-қонуы жеңілдейді. 
5.
 
ДСҰ  қаржылық,  салықтық  есеп  беру  талаптарын  қабылдау
  біздің 
экономиканың  тиімділігін  арттырады  және  жемқорлықтың  деңгейін 
төмендетеді. 
Қазақстан  Республикасына  ДСҰ-ға  Ресеймен  бірге  кіру  қажет.  Мұндай 
қадам  екі  жаққа  да  тиімді,  өйткені  біздің  елдер  арасындағы  экономикалық 
байланыс  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  (ЕураАзЭС)  аумағында 
бұрыннан  бар.  Біздің  елдер  ДСҰ  аумағының  бірінші  кезеңінде  өздеріне  біраз 
жеңілдіктерге иек артады, атап айтсақ, энергия тасымалдаушыларға өз бағасын 
қою және елінің ауылшаруашылық өндірушілерін қорғау. 2009 жылдың маусым 
айында Қазақстан, Белорусь және Ресей Федерациясы арасында Кедендік Одақ 


 
45 
құрылды,  осы  жағдайда  біздің  мемлекеттер  ДСҰ  мүшелігіне  бірге  өтуге 
мүдделі. 
ДСҰ  мүше  болу  отандық  өндіріске,  ауыл  шаруашылығына,  кәсіпкерлерге 
нағыз  емтихан  болмақ.  ДСҰ  мүшелігі  барлық  мемлекеттерге  басқа 
мемлекеттердің  тауарлары  мен  қызметтеріне  өз  территориясында  қандайда 
болмасын  кедергі  тудырмауын  жүктейді.  Кедендік,  салықтық  капиталдың 
жылжуына  және  басқада  кедергілерді  қоюға  рұқсат  етпейді.  Демпингпен 
айналысуға, тауарды төмендетілген бағамен сатуға болмайды. 
 Экономикалық  дамудың  замануи  доктринасы  отандық  өнім  өндірушілерге 
ерекше  жағдай  жасауды  қаламайды,  теңдей  және  адал  бәсекелестік  болуы 
қажет. Бұл күрестің негізгі биі 

 тұтынушы, кімнің тауары немесе қызметі оны 
қанағаттандырса, ол соны таңдайды. Бірақ бір айта кететін жағдай, ДСҰ мүшесі 
болу  ережесінде  өз  өнім  өндірушілерін  қолдаудың  шаралары  мен  ережелері 
қарастырылған,  нақты  бір  өнім  нарқында  отандық  өндірушілер  үлесі 
нормативтік түрде анықталады, кейбір тауар және қызмет бойынша жағдайлар 
әрбір  ДСҰ  мүше-мемлекетпен  жеке  анықталынады.  Бұл  үлес  нормативтік 
шамадан  түссе,  ДСҰ  үлес  мәнін  нормативтік  шамаға  дейін  көтеруге  шара 
қолданады. 
Республикамыздың  ДСҰ  кіру  жұмыстарын  орындау  үшін  1997  ж.  7 
тамызындағы  №  1229  «Стандарттардың  Мемлекеттік  қорын  қалыптастыру 
және  дамыту  туралы  концепциясы»  ҚР  Өкіметі  Қаулысы,  1998  ж.  2 
қазанындағы  №  991  «1998-2000  жылдары  ҚР  мемлекеттік  стандарттау  және 
сертификаттау  жүйесін  жетілдіру  бағдарламасын  бекіту  туралы»  ҚР  Өкіметі 
Қаулысы  және  «ДСҰ  саудасындағы  техникалық  кедергілер  бойынша 
келісімнің»  10  бабына  сәйкес,  Стандарттау,  метрология  және  сертификаттау 
комитетімен  «Қазақстандық  стандарттау  және  сертификаттау  институты» 
Республикалық  мемлекеттік  кәсіпорын  негізінде  ДСҰ-мен  өзара  байланыс 
Орталығы құрылды. 
ДСҰ  ынтымақтастығы  ақпараттық  Орталығы  техникалық  реттеу  және 
метрология бойынша Комитеттің базалық торабы болып келеді және өзінің іс-
әрекетін  Мемлекеттік  стандарттар  қорымен  байланыстырады.  Ақпараттық 
орталықтың  ДСҰ  қарым-қатынас  байланысы  Қазақстанның  ДСҰ  кірудегі 
саудадағы  техникалық  кедергілер  бойынша  Келісімі  (ТБТ)  мен  санитарлық 
және  фитосанитарлық  шараларды  қолдану  бойынша  Келісімі  (СФС) 
талаптарын толық көлемде орындауға бағытталған. 
ДСҰ  ынтымақтастығы  орталығы,  ДСҰ  Секретариаты  және  қатысушы 
мемлекеттер ұлттық ақпараттық орталықтары саудадағы техникалық кедергілер 
бойынша,  Келісім  мен  санитарлық  және  фитосанитарлық  шараларды  қолдану 
бойынша  Келісімдермен  анықталған  процедуралары  аумағында  ақпаратты 
бағыттайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет