Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


Баянауыл  кенті.  XIX  ғасырдың  соңы



Pdf көрінісі
бет403/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge
sciPaper160544
Баянауыл  кенті.  XIX  ғасырдың  соңы.

500



Көкш етау  кдласы.  XIX  ғасырдың  соңы.

тарғатікелей жақын жерлерде мал өсіруші жұмыс жағдайын егжей-тегжейлі 

білетін қазіргі базарлар сияқты базарлардың пайда болуын тездетті.  М әсе- 

лен, нақсол Ақмолада  мал шаруашылығы шикізаты тері базарына шоғырлан- 

дырылды, онда тауарларды сақтауға арналған коймалар болды; ал кең аула- 

сына қамбалар орналасты; баска қалаларда, мысалы, Павлодарда саудагерлер 

пайда түсіру үшін маусымдар бойынша жақын орналасқан қазақ ауылдары- 

мен тұрақты шаруашылық байланыстар жасап, номадтар арасында қажеттілік 

жылдан-жылға өсе түскен тауарларды — мәуіті, барқыт, сиса, жүн бұйымда- 

рын, темір, мыс ыдыстар, қант, шай жәнет.б. жеткізіп отырды.155  Қарашаның 

ортасында Ертіс өзенінде мұз қатқан кезде «сауда-саттықты жалғастыру үшін 

даладан түйемен көптеген қазақтар»  келетін еді; олар қала тұрғындарынан 

көбінесе  ұн  сатып  алды,  дұрысырақ  айтқанда,  айырбастап  алды.  Сауда 

мәмілелерінің  калған  бөлігі  қалалық  Николаев  ж әрмеңкесінде  одан  әрі 

жүргізілді және оның айналым сомасы XIX ғасырдың 60-жылдарының аяғын- 

да-ак едәуір мөлшерге — 250 000 сомға дейін жетті.156  Далалық Қазақстанның 

жаңа туып келе жаткан экономикалы к орталыктарындағы сауда көлемінің 

біршама аз болуы түсінікті және Петропавл мен Семей сиякты сауда алыпта- 

ры тарапынан накты бәсеке болуы себепті әбден занды.

Ш аруаш ы лы қ ж андануы ны ң ж еткіліксіздігі ж ән е тұтас алғанда ауыл 

қауымының неғұрлым бірыңғай өз күнкөрісінің сақталуы себепті оңтүстік 

аймактарда жаңа шаруашылык коныстар ішкі саудада зор табыстарға жетті.

Қ азалы  каласы «Орыс Түркістаны» сауда-эк он ом и к ал ы қ өм ірін ің  ор- 

талығына айналып, көрсеткіш тері ж өнінен П еровскі  мен Т үркістан нан, 

Ш ымкенттен озып кетті. Ол аркылы Ресейге 3 561  300 сом ны ң тауарлары  

өкетілді. Облыс аумағына әкелінгені — 1  100 000, одан әкетілгені  — 400 000 

сомға ж етті.157 Сауданың қаулап өсуіне Ж аркент қаласы ны ң дамуы дәлел 

болды. О ның айналымдары туралы  1898 жылы ж ергілікті кеден ж инаған 

мәліметтер бойынша пікір айтуға болады: м ануф актура өнімдері көтерме 

сауда сомасы — 26 000 сом, нақ сондай бөлш ек сауда — 480 000 сом,  тауар- 

лардың түр-түрі  бойынш а:  бакалея  —  121  000  сом,  галантерея  —  55  000, 

аралас бұйымдар — 220 000, ұсақ-түйек — 6 000, темір бұйымдар — 80 000, 

бөлшек саудадағы ет — 119  100, мал өнімдері — 23 000 сом; оны ң үстіне қала

501



базары нда, сауда нүктелерінде қазақтарды ң сатканы: жылкы  -  4  165 бас, 

қүны  — 83 360 сом, басқа мал  — 3 448  — 51  720, есек -  515  — 2060,  кой  мен 

еш кі  -  34 264 —  102 792 сомны ң көлемінде болды .158

Т орғай   облы сы ны ң  уезд  орталы қтары   бойы нш а  да  ішкі  сауданы ң 

корінеу өскені аңғарылды.  1896 жылы сауда айналымдары Ақтөбе қаласы 

бойы нш а  — 300 000 сомға дейін,  Ы рғыз каласы мен  К арабұтақ кенті  бой­

ынш а — 500 000, Торғай қаласы бойынша — 200 000, барлық отырықшылық 

м екен д ерд е—  1  612  154 сомға дейін ж етті.159

Е гінш ілік көп таралған аудандарда  өсірілген асты қ негізінен «өз ке- 

рек-ж арақтары » үшін тұтынылса да, алайда кейбір артылып қалғаны, мы- 

салы ,  Ө скем ен  уезі  бойы нш а  базарға түсті  немесе  қазақтар айырбастап 

алды; бұл орайда олар астықтың әр пұтын 30—40 тиынға сатты; Тарбағатай 

таулары   м аңы н да  көш іп   ж үрген  А ягөз  ж ән е  К өкп екті  округтерін ің  

жергілікті халқы артылып қалған астықөнімін акшаға сатып ж әне өздеріне 

қажетті бұйымдарға айырбастау арқылы орыстарды жабдықтап отырды.160

Ж етісу облысының кұрамындағы Ыстыккөл уезі саудада елеулі табыста- 

рға жетті.  1883 жылы  Н арын-Қарақол арқылы  209  керуен  өтіп, 471  586 сом 

тұратын тауар әкелінді.161 Қазақтардың қала рыноктарында, базарларда мал 

сатуы  үнемі  өсіп  отырды:  оның  серпінділігін  Сырдария  облысы  бойынша 

аңғаруға болады:  1886 жылы накты малдың саны (мың есебімен) — 2 456,2 бас 

болып, оның 206,8 басы сатылған;  1893 жылы — 9988,6 бас малдың — 615,6-сы; 

1895 жылы — 5185,2 бас малдың — 1645,0 басы сатылған.162

Ішкі сауда көбінесе ақшалай нысан алып, алыстағы далалық аудандарды 

барған сайын қамти берді, сауда куәліктерінен алынатын арнаулы каражат 

қазынаны едәуір байытгы. Мәселен, нақ сол Сырдария облысы бойынша  1891 

жылы сауда үшін  алынған акшалай  алым  мынадай  болды:  59 927  сом,  1892 

жылы -  59 280,1894 жылы -  60 482,86,1895 жылы -  70 607,13,1896 жылы -  81 

903,25 сомды құрады.163 Ірі қоныстарға ірге тепкен сйудагерлер саны да едәуір 

өсті.  Мұны  1898  жылғы  деректер айқын  көрсетеді:  Павлодарда  I  гильдия 

көпесі — 1,11 гильдия көпесі — 63 адам; Өскеменде I — 1, II -  35; Семейде 1-4,11 

— 92; Қарқаралыда жалпы көпестер — 21, Зайсанда — 32, Омбыда I — 5, II —73, 

Верныйда  I — 6, II — 56 адамға жеткен.164

Іш кі сауданың ауқымы елеулі болғанына карамастан, жолдардың «тым 

ж айсы з жағдайы» саудагерлерді заттарын  негізінен дәстүрлі  екі  әдіспен: 

арбамен ж әне түйеге артып тасуға мәжбүр етті. Түйеге артылатын қалып- 

ты ж үк —  16 пұт, ал алыс жолға ш ықпаған кездегі әлжемді түйеге артыла- 

тыны  17—18 пұт, түйеге артылатын әдеттегі тең, мысалы, Түркістан ауда- 

нында 8  пұтқа тең  б олд ы .165

Қ азақстанны ң М онғолиямен, Ш ыңжаңмен аумақты қжақы нды ғы  ерте 

кезден  бастап  ш ет  елдерм ен  сы ртқы   сауданы ң   кеңейтілуі  үшін  кең 

мүмкіндіктер ашты.  Ресейдің Монғолиямен саудасының дамуындағы қазақ 

д а л а с ы н ы ң   т р а н з и т т ік   рөлі  ш е к а р а л ы қ   а у д ан д ар д ы ң   ө т к із у ш іл ік  

міндеттерін күшейтті.

1860 жылы Ургада (Улан-Батор)  орыстыңтұңғыш  ком мерциялы қф ир- 

масы  құры лды , оны м ен көп ұзамай Үлбі,  Алтай,  Бүқтырма сияқты  қыс- 

тақтар арқылы Өскемен көпестері байланыс орнатты. Монғолияға Бұқтыр- 

ма ж олы  апарды , тауарлар да сол арқылы ж еткізіліп оты рды .166

Қ азақ стан   арқы лы   оры с-м онғол  саудасы ны ң дамуына  көп  жағынан 

М әскеудің «Савва М орозов ж әне оны ң ұлдары» компаниясы себепші бол-

502



ды.  1872 жыл оны ң бастамасымен «92түйем ен ЗОаттан» түратын, 

сомасы 


45 000 сом болатын тауарлар апаратын керуен ж асақталды .

Алайда Ресейдің Монғолиямен сауданы дамытуға қатысты көтермелеушіл ік 

шаралары  ойдағыдай  нәтиже  бермеді.  1873  жылы,  Урга  консулдыгымың 

мәліметтері  бойынша,  Бийскіден  Монғолияға  тауарлар  апару  16  700  сом 

мөлшерінен аспады және Бийск бағыты «үмітгі ақтамады».168 Бийскінің өзінде 

Батыс Монғолияның шет аймақтарында сауда жасайтын Қазақстан көпестері 

азтұрмағанымен, соған  карамастан орыс-монғол саудасының негізгі көлемі 

Зайсан, Семей ж әне Өскемен арқылы жүргізіле бастады.169 Қолданылған ша- 

ралардың нәтижесінде Монголия мен Қазақстанның қалалары және кедендері 

аркылы  жасалатын  сауданың  көлемі  Бийскіден  тасылатын  тауарлардың 

көлемінен едәуір асып түсті.170

Қытаймен  1881  жылғы П етербург ш арты бойы нш а  Ресей М он гол ия- 

ның бүкіл аумағында баж салы нбайтын саудаға ж ән е К обда мен  У лясу- 

тайда консулды қтар қүруға құқы қ алды.  Ресейден М онғолияға тауарлар 

төрт бағыт бойынша:  1  — Ө скемен мен Семейден  Қ обдаға; 2 — Бийскіден 

Ш уя трактісі арқылы Қ обда мен У лясутайға;  3  — М инусинскіден У рян - 

хайға;  4 —Забайкалье мен Амур өлкесі аркылы  К яхтаға ж еткізілд і.171 С о- 

нымен көпес керуендерін М онғолияны ң сауда орталы ктары на апаратын 

ж олдардың бірі  Ө скемен  мен  Семей арқылы  өтті,  мұны ң сол  калаларда 

тұратын немесе орталық губерниялардан келетін Ресей көпестері үшін де, 

сенімді адамдар арқылы сауда-саттык жүргізетін қазақ саудагерлері үшін 

де ынталандырушылык маңызы болды.

М онғолияны ң м аньчж ур-цин  билеуш ілеріне тәуелді  болуы на  ж ән е 

Қ азакстанның М онғолиямен экон ом и калы қөзара байланысын реттейтін 

ресми негіздегі ш арттарының болмауы себепті сауда азды -көпті ойлаған- 

дай нәтижеге ж еткізе алмады .172

Қазакстанның  көршілес  Қытаймен  саудасының даму шарттарының  бірі 

аумақтың шектестігі, сондай-ақ 1881 жылы Цин империясы мен Ресей арасын- 

дағы Петербург шартына қол койылуы болды. Верный, Семей, Зайсан калалары 

мен коныстары, сондай-ак Қатон-Қарағай, Қорғас және басқалары сияқты  кеден 

пункттері бұрынғысынша сауда орталыктары маңызын сақтап калды.

1882 жылдың бірінші жартысында Семейге ғана әр түрлі адамдарға Қытайға 

305 464 сом тұратын көлемде (1881 жылғы 255  198 сомның орнына) тауарлар 

апару үшін 335  рұқсат қағазы (1881 жылғы 32 болатын) берілді.173 Ш ы ңж аң 

қалаларындағы  орыс  саудагерлерінің  саны  да  айтарлыктай  өсті,  олардың 

көпшілік бөлігі Ш әуеш екте сауда жасады ж әне олардың айналымы 200 000 

сомға жетті. Құлжадағы сауда жандана түсті. «Орыс саудагерлерінің табиғи 

ресурстарының саны жөнінен де, олардың капиталдары жөнінен де «Ресей 

ықпалы» (Құлжадағы. —

Ред.)

 «елеулі ж әне басым»174 деп жазылған Дала гене- 

рал-губернаторының 1882 жылғы есебінде. Ресей бодандары Цин Қытайынан 

тері, жүн, кесек күміс және әсіресе шай тасыды. Сыртқы істер министрлігінің 

Азия департаментіне Құлжадағы Ресей консулыныңтабыс еткен мәліметтері 

бойынша,  1882 жылы олар Ш ыңжаңнан:  12000 қой, жылқы жәнетүйетерісін, 

45 000 елтірі, 600 пұт жылкы қылын, 400 пұт ешкі түбітін, 8500 пұт жүн, түлкінің 

800, бұлғынның 200 терісін алып кел ген.175 Ағыл шындардың бақталастығы мен 

тіміскі әрекеттеріне қарамастан, Ресейдің Ш ыңжаңмен Ж етісу ж әне Шығыс 

Қазақстан аркылы сауда байланыстары қаркын ала берді ж әне мұнда Қытай 

шекаралық аумағымен сауда жағдайларын егжей-тегжейлі  зерттеген  қазақ

503



саудагерлері  елеулі  рөл  аткарды:  1891  жылғы  1  каңтардан  1  мамырға дейін 

Ш ыңжаңға 29 керуен жіберілді, олардың бір бөлігі казақ көпестеріне тиесілі 

еді.  М әселен, Боғыш Ш аянбаевтөртқызметкерімен бірге6400сомныңтауа- 

рын, Көкпекті көпесі Т.Жандыбаев — 2660 сомның мануфактуралықтауарла- 

ры  мен  тері,  Семей  көпесі  Мұхамед  Ш өкіров  — 7899  сомның  әртүрлі  ұсақ 

тауарлары мен темір бұйымдарын, Ж етіков — 1150 сомның әр алуан тауарла- 

рын апарған, ал  1891 жылы қазақ саудагерлері мен баска да саудагерлер Шың- 

жаңнан (Жетісу облысының Сергиополь учаскесі арқылы) 283 824 сом 32 ти- 

ынныңтауарларын тасып әкелген, ал сол аудан арқылы жасалған экспорттың 

көлемі  327  109 сом  15тиынболған.176

Цин империясының қалаларымен саудаға Үржар, Мақаншы және басқа да 

елді мекендердің шаруалары мен казактары қатысты. Олар негізінен бидай- 

мен сауда жасады.  1891 жылдың 1 қаңтарынан сәуір айына дейін Бакты бекінісі 

ж әне Захарьевск селосы аркылы Шыңжаңға  106 саудагер өтті, олардың ішінде 

65  шаруа мен  казак болды.177  1895 жылы кытай тауарлары едәуір мөлшерде 

әкелінді. Мәселен, Зайсан кедені аркылы — 315 475 сом 64тиын, Алқабек арк- 

ылы — 119 203 сом,  Кдтон-Кдрағай арқылы — 42 666 сом; барлығы — 560 206сом 

25 тиынға қытайдыңтүрлі тауарлары әкелініп; ал (аталған мекендер аркылы) 

607 554 сом 45 тиынның тауары Кытайға апарылған.178

XIX ғасырдың 80-жылдарында Ж етісу өлкесі аркылы Ш ыңжаңмен жа- 

салған  сауда  байланы стары ны ң  өсу  сарыны  байкалды.  Ж аркен т  кеден 

учаскесі бастығының мәліметтеріне қарағанда,  1893 жылдың  15 мамыры- 

нан  15 маусымына дейін К аркара ж әрм еңкесі аркылы Батыс  Кытайға  171 

саудагер барған, апарған заттары ны ң құны 435 433 сом болған.  Сатылған 

мал санына учаске бастығы  12 300 сом тұратын 629 жылкыны, 4 000 сомдық 

400 ірі қараны ,  12 000 сом тұратын 500 қойды да қосып есептеген.179

К азақстан ға  қытай  эксп орты ны ң   ең басты  бөдігі  шай  болды.  Кытай 

шайын негізгі тұтынуш ылар ретінде қазактар бүкіл ш екаралы көңірде осы 

тауарды ң әкелінуін е үнемі  мүдделілік таны тты .180

Алайда  маньчжур шенеуніктерінің озбырлығымен  ұштастырылған  цин 

сарайының оқшауланушылықсаясаты сауда байланыстарының кеңейтілуіне 

келеңсіз эсер етті.  Бірақ Ресейдің Цин империясымен шекаралық мекендер 

аркылы жасаған қазак-кытай саудасының болмашы көлемінің өзі де дәстүрлі 

керуен жолдарын жандандыруда өте маңызды болып шықты және Казақстан- 

ның, Ресейдің, Кытай мен Монғолияның калалары арасында достық, іскерлік 

байланыстар орнатуға игі ықпал жасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет