Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет108/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-170- 


Еліктің лағына қаншама қызығып қимағанымызбен, анасын аяп кеттік, босатып жібердік. 
Екеуі секеңдеп отырып кезеңге шықты. «Балалар, сендерге рақмет» дегендей бізге қарап сәл тұрды 
да, орғып
-
орғып қырдан асып кете барды.
 
АЛА МЫСЫҚ
 
Бекежан оянары оянғанымен, жылы төсекті қимады. Тұруға ерініп, көзін бір ашып, бір жұмып, 
ұйқылы
-
ояу маужырап жата берді. Ол бір сәт көзін ашып жатып бір нәрселер ойлаған болып еді, 
көзі өзінен
-
өзі жұмылып мызғып кетті. Әлгі ойы түс сияқты бұлдыр тұманға
айналды. Содан қайта 
ояна беріп, тағы басқа нәрсе ойлайын деп еді, құлағына
жіп
-
жіңішке үн ызың ете түскендей болды. 
Сергіңкіреп құлағын түріп еді, үн жалғыз емес, бірнешеу болып үздік
-
үздік естілді. Және дәл өз 
төсегінің астынан шығады. Бекежан әп
-
сәтте еденге қарғып түсіп, етбеттеп төсектің астына үңілді. 
Түкпірге таман өзінің ала мысығының бауырында қыбыр
-
қыбыр етіп жатқан қызыл
-
шақа 
соқырларын көрді.

Бекежанның қуанышы қойнына сыймай кетті. Ала мысықтың бір соқырын қолына ұстап 
аялағысы келді. Еңбектеп жақындайын деп еді, ала мысық көзі оттай жанып, пыр
-
пыр етіп айбат 
шекті.
Бекежан ала мысықтың мұнысына әжептәуір ренжіп, не қыларын білмей тұрып қалды. 
Кетейін десе, оларды көзі қимады, жақындайын десе, ала мысық жолатпайды. Сөйтіп тұрып санай 
бастады. Соқыр төртеу екен. Енесімен —
бесеу, Бекежан апыл
-
ғұпыл киінді де, сыртқа беттеді. 
«Енді менің мысығым бесеу болды» деп бірге ойнайтын жолдастарына түгелдей айтып шықты.
Ала
мысық соңдай балажанды екен. Бекежан қанша аңдығанымен соқырларын көзінен түк 
таса қылмады. Үнемі бауырына басып жатты. Әдепкі күңдері Бекежанның табақпен әкелген 
сүтінен басқа нәр сызбады.
Ала мысықтың соқырларының үшеуі
ала да, біреуі тарғыл.
Төртеуі де ала мысықтың бауырына 
жабысып, кейбірі емшегін дәл таба алмай, әр
жерін түрткілеп, жіңішке даусымен мияулап 
жатқанда Бекежан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет