Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет98/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-158- 


Биылғысы не деймін? Биыл мектеп меңгерушісінің өзі —
Жалғас ағай оқытады. Өйтпегенде 
ше? Біз енді бұл мектептің соңғы үшінші
сыныбында оқимыз. Ендігі жылы ұжымшар 
орталығындағы орта мектепке барамыз.
Байнашты қойсаңдаршы бұл! Жалғас ағайдан да ұялып, қаймықпады. Тақтаға шақырып еді, өз 
әуеніне басты. Ағай жымың етіп күлді. Байнаш па ұяла қоятын? Тақтаға барып сіресіп тұр.
Ережеден аузын ашпады. Жалғас ағай тақтаға бір сөйлем жаздырды. Зәуре қанша қате тапты екен, 
қолын көтерді. Зәуре тұрмақ, менің өзім үш қате көрдім.

Есназаров, сабаққа неге дайындалмайсың?
Үн
жоқ.

Бір себеп болған шығар? Айт. 
Ауыз ашу қайда?

Айтсаңшы. Неге дайындалмадың?
Байнаш қаздиып тұр. Көзі жыпықтай береді. Осы жері солдатқа келіңкіремейді. Солдат еш 
нәрседен қаймықпауы керек қой.

Отыр ендеше. «Екі».
Байнаш
лып етіп, бұрылып жүре берді. Партасына үш
-
төрт адым қалғанда, аяғын тарс
-
тұрс 
басты. Балалар ду күлді.

Ағай, Байнаш —
солдат. Өстеді. Солдатша жүреді. 
Аузы жеңіл Есен тақылдай жөнелді.

Қызық
екен! Есназаров, тақтаға кел. 
Қайтпайсың
-
ау, Байнаш! Тағы солдатша басып барады. Жүрісінен танбады.

Орныңа бар.
Енді Байнаш қайсарланып алды. Бұрыла бере, орнына қарай еденді тарсылдатып, қаздаңдай 
басып бара жатыр.
Кей күлегештер болмаса, басқамыз жым болдық. Бір қызықты күтіп отырмыз. 
Ойлағанымыз
жүзеге аспады. Сабақ жалғаса берді. Керек десе, ағай Байнашқа бір ауыз тіл қатқан 
жоқ. Тек сабақ бітерде:

Есназаров, ұмытпай тұрғанда айтып қояйын, бүгін
төртінші сабақ орыс тілі ғой, содан кейін 
кетіп қалып жүрме.

Жарайды. Байнаш қаздиып тұр

Жарас ағай шыға бере, мен: «Не істер екен? Жеке сөйлескісі келсе, неге кабинетіне ертіп 
кетпейді? Не


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет