Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет50/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
жамандықтың  бір  жақсылығы  бар,  енді  сендер  шыңдалу 
мектебінен  өткен  революционер  болдыңдар.  Елдеріңе  барып 
халықты  көтеріңдер.  Патшаның  тағы  қаусап  тұр.  Халық 
қаһарланса құламақшы. Мен де сол күреске араласу үшін асығып 
барамын,  –  деп  ақырғы  ақылын  айтты.
«Революционер» болу бізге қайда, бірақ он жыл каторга көп 
нәрсеге көзімізді ашқаны рас. Жалғыз-жарым Саймасайлардың 
көзін  жоюмен  іс  бітпейді  екен.  Ұлы  шайқаста  Рысқұлдар  да 
жалғыз-жарым  болғаны  жарамайды  екен.  Мен  каторгада 
жүргенде  мың  тоғыз  жүз  бесінші  жылғы  шайқастың  өзім 
сияқты  көп  құрбандарымен  кездестім.  Солардан  көп  нәрсе 
үйрендім.
Мамытбек қырғыз екеуміз Құлындыны кесіп өтіп, Маралды 
деген  жерді  жебеледік.  Ертіс  дариясының  арғы  бетіне 
шыққанда  көзіме  Алатау  елес  бергендей  болды.  Жылқы  бағып 
жүрген бір туғаннан: «Шырағым, Алатау алыс па?» – деп сұрап 
едім,  состиып,  біздің  үсті-басымызға  таңдана  қарап:
–  Қайдағы  Алатау?  Қайдан  жүрген  адамсыңдар?  –  деп 
тергеудің астына алды. Жаның шүберекке түюлі мүсәпір кезде, 
кім көрінгенге жалынышты болады екенсің, әлгі жылқышыға: 
«біз пақырды ая, қашқын екенімізді ешкімге айтып қойма» деп 
жалбарынғандай тұрпатымыз. Егер де бұл тасыраңдаған бір 
есер болса, қазір барып ұлығына айтса – бітті ғой! Қаншама 


еңбек  зая,  үміттің  жылтыраған  жарығы  сөніп  каторгаға 
қайта  кете  барамыз  ғой.
Жылқышы  біздің  халді  айтпай-ақ  түсінді  білем,  түсін 
жылытты:
– Алатау алыс әлі, – деді ол. – Жолаушы көрінесіздер. Менің 
қосыма түсіп, қонақ болыңыздар.
Рахым  жылқышы  бізді  сонда  жылқы  сорпасына  бір 
тойдырды-ау. Елден кеткелі жылқы соғымының дәмін татып 
көрмеген  байғұс  бастар  –  Мамытбек  екеуміз  ағыл-тегіл 
терлеп:  «Е,  жарықтық  жылқы  еті,  сенің  де  дәміңді  татар 
күн бар екен-ау, қайран қазақ-қырғыздың қадірлі асы-ай», – деп 
жылап отырдық. Он жыл каторгада бізді бүйтіп дастарқанға 
шақырып,  дәм  таттырып,  адам  санатына  қосқан  жанды 
тұңғыш рет көрген соң, риза көңіл ағынан жарылып, Рахымға 
бар  сырымызды  бастан-аяқ  айтып  бердік.
–  Е,  есіл  ерлер,  елдеріңе  де  жетерсіңдер,  –  деді  Рахым 
бізді  шын  аяп  кетіп.  –  Ел  дегенде  –  ел  қазір  толқулы.  Патша 
жарлығын  естіген  шығарсыңдар.  Соғыстың  қара  жұмысына 
қазақ,  қырғыздан  да  солдат  алмақ  болып  жатыр.  Менің 
жанымдағы серігім де тізімге ілінген екен, ол қазір Торғай асып, 
Аманкелді  деген  батырдың  қолына  қосылған  көрінеді.  Пірман 
бай малын бағатын кісі қалмаған соң, мені әскерден әзер алып 
қалып  отыр.  Ел  арасы  дүрлікті.  Патшаға  қарсы  әр-әр  жерде 
көтеріліп жатқандар көп. Соған қарсы мылтық асынған әскер 
көбейді. Жолда сақ жүрмесеңіздер, қолға түсесіздер. Күдіктіні 
дереу  ұстайды.
Рахым осыны айтып, бізге Пірман байдың қалың жылқысынан 
екі  ат  ұстап,  астымызға  мінгізді.  Дорбамызға  пісілей  де, 
шикілей де ет салып берді. Байдың малы сұраусыз емес, өзім де 
жылқышы  болып  көргенмін.
– Мына екі атты іздесе қайтесің, бауырым ? – дедім.
– Екі қылқұйрыққа, біріншіден, байдың ешнәрсесі кетпес. Ит-
құс  тиді  дермін.  Ал  заман  репеті  мынандай  болып  тұрғанда, 
байдың малы ертең кімнің қолында кетері де белгісіз. Әнеукүні 
көтерілісшілер бір үйірін айдап әкетті. Солдатқа ат керек деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет