Бірінші кезең. Сабақ өтуге қажетті іріктеліп алынған параграфтарды мұғалімнің жан - жақты әрі бейнелі түсіндіруі.
Екінші кезең. Тірек конспектісі бойынша оқу материалдарын қысқаша түсіндіру; әр қилы негізгі ұғымдар белгілерінің көмегімен кодталған материалдарды дыбыстандыру, құпия кілтін ашу және олардың арасындағы өзара логикалық байланысты анықтау.
Үшінші кезең. Тірек белгілерін оқып - үйрену, олар әр оқушыға үлестіріліп беріледі, шәкірттер белгілерді өздерінің альбомдарына желімдейді.
Төртінші кезең. Үй жағдайында оқулықпен және тірек белгілері парағымен жұмыс істеу.
Бесінші кезең. Келесі сабақта тірек белгілерін жазба түрінде көрсету.
Алтыншы кезең. Тірек белгілері бойынша жауап беру (бәсең дауыспен, магнитофон арқылы, өзара бақылау парағы бойынша жазбаша және ауызша жауап беру).
Жетінші кезең. Бұрын өтілген материалды ұдайы қайталау және тереңдете оқыту (тек сыныптар арасындағы ғана емес, ересек және жас балалардың да өзара көмек тобын - «педагогикалық десант» ұйымдастыру).
Сонымен, теория материалдары игеру 7 кезеңнен тұрады. Ал теориялық материалды терең меңгеру балалардың өз күшін істе байқап көруге деген ынтасын арттырады, теорияны жинақтап, оқып – үйренудің нәтижесінде үнемдеген уақыт ішінде шығарылуға тиісті есептер саны көбейіп, олардың типтерін, есеп шығарудың ықтимал жолдарын жан - жақты әрі кеңінен талдауға мүмкіндік береді.
Тірек белгілері жинақы, әдетте тірек белгілері оқушыларды қызықтырып, оларды белсенді еңбекке, ізденіске бастайды, олардың белсенді түйсігі аясындағы күллі мәселеге деген назарын күшейтеді.
Осыған орай баланың бойында аса маңызды қасиет қалыптасады: күнделікті сан мәрте көз алдынан өтіп жатқан құбылыстар мен заттардың өзінен әдеттегіден тыс жәйітті аңғарады, ал ол – таланттың айырықша қасиеті. Талант дегеніміз – ізденістегі мақсаткерлік, табандылық, әртүрлі фактілерді, бақылаулар мен ойларды қорыта білу.
Тірек белгілерінде ойын элементі де, уақыт пен орын үнемдеу де, балалар психологиясын біліп отыру да ескеріледі. Бірақ басты мақсат – логикалық байланыс негізінде өтілетін материалдар (тақырыптар мен бөлімдері) балалар жедел ұғынатындай, естерінде ұзақ сақтайтындай етіп түсіндіру.
Әрбір тірек белгілері оқу бағдарламасының тиісті материалдары тұтасымен кодталады. Тірек белгілері парағы мұғалім жаңа материалды түсіндірген кезде, оқушы сабаққа дайындалған кезде, ауызша жауап берген кезде тақырыптың логикалық жүйелі түрде ашылуын қамтамасыз етеді. Ал бұның өзі оқушының ой – санасын, оның шығармашылығын дамытудың өзіндік бір негізі, бағыты болып табылады.
Тірек белгілері оқу - тәрбие үдерісінде ойлау, қарым – қатынас, шығармашылық іс - әрекеттердің негізгі құралы болып табылады. Оқыту үдерісінде тірек белгілері төмендегідей функцияларды атқарады:
1. Материалды қабылдаудың алғашқы кезеңінде кері байланысты атқарады.
2. Оқушының сабаққа дайындау іс – әрекетін жеңілдетеді.
3. Меңгерілетін материалдардың көлемін бірден ұлғайтуға көмектеседі.
4. Міндетті оқу бағдарлмасы мен бірыңғай оқулықтың шегінен шығуға мүмкіндік береді.
5. Бағаның аз болуы мәселесін болдырмайды.
6. Оқушыларды көркемдік образға және графиктік модульдеуге үйретеді.
Тақырыпқа арналған тірек жазбасы жоспарға байланысты және оқулықтарға сәйкес құрылады. Өтілетін жаңа тақырыпты оқушыларға алдын ала таныстырылып, дайындық жүргізіледі.
Тірек жазбаларымен жұмыс жасағанда бағалар жеке жазбаға – «ашық үлгерім» журналына қойылады және оқушы кез – келген уақытта бағасын жөндей алады. Бұл тәсілде нашар бағалар болмайды. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде оқушыға ештеңе жазу керек емес, себебі жаңа тақырып бірнеше рет қайталанады, яғни, оқытудың өнімділігі артады. Сабақ соңында оқушылар дәптеріне тірек белгілерін түсіреді.
Енді осы тірек жазбаларын құрастыруына тоқтала кетейік. Адам баласы ойлағанын көз алдына келтіре алады. Тірек жазбаларында сабақтың негізгі сәттері көрсетіледі және әртүрлі сурет, кесте, цифрланған ақпарат ретінде жеткізіледі. Тірек жазбаларын құрастыру үш бөліменен құралады:
- Материалдарды жинақтау. Бұл кәсіби шеберлікті көрсетуге өте үлкен қызмет етеді. Бұл жерде тақырып үйрететін материалдар оқулықтармен, өмірмен, техникамен, өндіріспен байланыста болады.
- Негізгі түсініктерді жеткізе білу. Бұл бөлімде дайын материалдардың «бал тамшыдай» керегі алынады, одан әрі «тамшыдан» керекті сөздер, суреттер, сызбалар өткен материалды еске түсетіндей етіп алынады.
- Тірек жазбасын құрастыру. Мұғалім әртүрлі суреттер, рәсімдер, графика түрінде дайындалған материалды жеткізеді.
Тірек жазбасының құрастырылуы жеке орналасып, бір - бірімен жуан сызықтармен бөлінген 4 - 5 блоктан құралады. Олар: суреттер, сызбалар, рәсімдер. Тірек жазбалары қабылдау жағынан да, есте сақтау жағынан да қарапайым болуы тиіс. Оған көп сурет, сызба салу қажет емес, себебі қабылдау қиындау болады. Негізінен, тірек белгілері таным, қарапайым графикалық жағынан түсінікті болуы шарт.
Мысалы, 8 – сыныпта физикадан «Жылулық қозғалыс» тақырыбын өткенде жаңашыл ұстаз К.Ж.Бұзаубақова «температура артқан сайын жылулық қозғалыстың интенсифтілігі артады» деген қорытындыны төмендегідей тірек белгісімен береді ( сурет 1).
Достарыңызбен бөлісу: |