Есті зерттеу әдістері. Адамның есі көп түрлі. Естің түрлері: қозғалыс, образды, эмоциялық т.б. Естің осы түрлері байланысты түрлі әдістемелер туындыларында көп. мысалы, ақпаратты қабылдау есі зерттеуші жылдамдығы тез арада сөздер жинағын оқиды, ол зерттеуші осы оқыған сөздерді тиісті бағанға қарастырып, жазып отыруы керек. Бес баған беріледі. Әрқайсысының өзіне тән тақырыптары да белгіленген. 1. Химиялық элемент. 2. Адам сезім мүшелері. 3. Жиһаз. 4. Ағаш. 5. Жануарлар әлемі.
10-тақырып. Психологиялық алдын алу.
Психологиялық алдын-алу міндеттері: жаңа әлеуметтік ортаға келген адамның бейімделуіне көмектесу; білім беру процесінің дұрыс іске асырылуына жағдай жасау; оқудың не кәсіби іс-әрекеттің келесі деңгейлеріне өтуге жекелеген не топты даярлау. Психологиялық алдын-алу мазмұны: тұлғалық дамуға қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін өмір және жұмыс жағдайларын талдау; психологиялық қиындықтарға ұшырайтын немесе өздері қиындық тудыратын адамдардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау; тұлға дамуында болуы мүмкін кемшіліктердің алдын-алу; жағымды психологиялық климат құру; әріптестер арасында жағымды климат құру; еңбек және өмір жағдайларының өзгерістерінде дезадаптацияны болдырмау, бейімделуге көмектесу. Психологиялық алдын-алу бірнеше аспектіде қарастырылады: ғылыми, қолданбалы, практикалық және ұйымдастырушылық. Психологиялық алдын-алу әдістері: сұхбаттасу арқылы коррекциялық жұмыстар, жалпылық, топтық зерттеулер, халықты ақпараттандыру, психологиялық педагогикалық консилиум, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |