26
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ – ЫНТЫМАҚТАСҚАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ
БАЙСАЛБАЕВА Жанар Зайнолдақызы, БАЙМОЛДИНА Салтанат Токеновна,
ҮСЕНОВА Әйгерім Үсенқызы
Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ
Қазақстан, Өскемен қаласы
Аннотация
Сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study)- мұғалімдер тәжірибесінде білім жетілдіруге
бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл болып табылады. Бұл тәсіл сабақты зерттеу
нысандарының бірі болып табылады және мұғалімнің практикалық білімінің дамуына
бағытталған іс-әрекеттегі зерттеудің жоғары түрі. Зерттеу сабақтарынан кейін мұғалімдер
өздерінің педагогикалық әдістерін жаңартады, өзгертеді. Яғни бұл- кәсіби біліктілікті
жетілдіретін технологияLesson Study - a pedagogical approach to teacher learning, which aims to
improve the learning experience. This approach is one of the forms of study and is a high form of
action-oriented research aimed at developing the teacher's practical knowledge. After the study,
teachers are updating and changing their pedagogical methods. That is, it's a technology that improves
professionalism.
Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған үлкен мақсат -
еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын арттыру.
Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәлім - тәрбиенің орны ерекше. Өйткені ертеңгі
күніміздің бүгінгіден де жарқын болуына ықпал ететін, қоғамды алдыға апаратын күш -
білім. Білім саласы үнемі жаңарып, ұдайы жетіліп отырады. Сонысымен де жасампаз
өзгерістер жасауға, жаңа көзқарастардың қалыптасып, жаңаша талап қоюға ықпал етеді.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Көрсеткіштің жоғары болуы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Ал бұл
шеберліктің негізгі құралы - сабақ. «Сабақ беру – үйреншікті шеберлік емес, ол үнемі
жаңадан жаңаны табатын өнер» , - деп белгілі қаламгер Ж.Аймауытов айтып кеткендей,
мұғалім үздіксіз даму үстінде болуы тиіс. Ал даму, дамыту жолындағы тиімді әдістердің
бірі – «Сабақты зерттеу» әдісін жүргізу.
Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта
мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды
педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында ойдағыдай қолданылып келе жатқан тәсілдердің
бірі - Lesson Study. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу»
үдерісі болып табылады. Бұл жаңашыл бағыт біздің тәжірибемізге енді ғана еніп жатса да
мұғалімдер тәжірибесінде білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық
тәсіл болып табылады. Себебі «сабақты зерттеу» әдісіне жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту
мен оқуды талдау, өз қорытындысын шығарып, оны тұжырымдап , бірлесіп жұмыс
атқаратын мұғалімдер қатысады. Ең маңыздысы - мұғалімнің зерттеу қабілеті жетіледі,
өзінің еңбегіне сын көзбен қарауды үйренеді.
Осы орайда Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебінің» ұжымында 2017
жылдан бастап Lesson Study өткізуге ұсыныс жасалды. 6 шығармашылық топ құрылды. Сол
топтарының бірінің жетекшісі ретінде мен, Байсалбаева Жанар Зайнолдақызы
тағайындалдым. Ең басында Lesson Study туралы көп нәрсені түсінбедік, сондықтан Lesson
Study (сабақты зерттеу) бойынша көп мәліметтер алуға тырыстық. Әріптестерімізбен ой
бөлістік. Біздің шығармашылық топ, қай пәннен, қай сыныпта сабақ өткізетінімізді анықтап
алған соң, жоспар құруға кірістік. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі
бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп
оқушылардың оқу үдерісін зерделеу үшін фокус тобын құрдық. І тоқсан барысында
мұғалімдермен ақылдаса отырып, арнайы жоспар жасадық.
Бұл жоспарда іс –шара түрі, мақсаты, күтілетін нәтижелер, жауаптылар, іс -
шаралардың өтілетін мерзімі нақты белгіленіп, бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: