«Ов» туралы
алынуы тиіс. Біздің ойымызша, осы ретте аты-
жөннің жазылу үлгісі, біріншіден, адамның өз есіміне
қоса әкесі атына «ұлы, қызы» сөздерінің жалғануы
арқылы, екіншіден, орыс тілі жүйесіндегі фами-
лия орнына «әулеті, тегі» сөздерін тіркеу арқылы
жүзеге асырылғаны жөн. Мысалы: Сәрсен Берікұлы
Ж арқынбектегі, Асқар Маратұлы Елбосынәулеті,
немесе Сара Тәубекқызы Мұқантегі, Қарлығаш
Оспанқызы Дәулетәулеті. Фамилия деген сездің
білдіретін мағынасы ез тіліміздегі «әулеті, тегі»
ұғымдарымен пара-пар болса, басқа жұрттың «овы»
мен «евін», «инін» несіне қабылдаймыз? «Пәленше
Пәленшеевич (Пәленшеевна) Пәленшеев» деген
дүбара аты-жөнімізді түзесек, мұның ез салт-дәс-
түрімізге оралу болатыны сөзсіз.
Мұндай оң үлгі, ұнамды амал-тәсіл туысқан ұлт
өкілдерінің тәжірибесінде бұрыннан бар. Мысалға,
грузин тіліндегі фамилияға - дзе «баласы, тұқы
мы», - швили «ұлы, туған»; тәжік тіліндегі - заде «ту-
ған» деген мағыналарды білдіреді. Мұндай мысал-
дарды өзге де тілдерден көп келтіруге болады.
Тарих тағылымын терең сезінген халқымыздың
даңқты перзенті Бауыржан ағамызға: «Неге сіз
Момышұлы болып жазыласыз?» - деп оқырман
қауым кездесу сайын сұрай берген соң:
Поймите, мои хорошие,
«улы» это не форма,
не редкость,
Не реклама торгаша...
«Улы» не «ев» и не «ов»
приспешников ваших,
«Улы» - это символ непримиримости, -
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
319
деп жауап берген екен (өлең шумақтары Бәукеңнің
мұрағатқа өткізілген қойын дәптерінен алынды).
Аты-женімізді ез ата салтымызбен атау қажет-
тілігін исі қазақты толғандырса керек. Біз бұл жерде
өз ойларымызды ғана ортаға салып отырмыз. Бұл
ұсынысқа сіздер не айтасыздар, ағайын!? «Өз
ағасын ағаламаған, кісі ағасын жағалайды» демекші,
болашақ ұрпақ алдында берер жауабымызды да
естен шығармайық!
1990 жыл
320
Достарыңызбен бөлісу: |