Сонымен қатар Б



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі23,97 Kb.
#81231
1   2   3   4
Байланысты:
СР 1 жазушы Бауыржан Мо
СӨЖ 1 информатика
«Москва үшін шайқаста» командирлердің өз қарауындағыларға қаталдықпен, мейірімсіздікпен қарағанына айғақ болатын эпизодтар бар. Мұндай эпизодтар автордың ар-ожданына ешқандай да қаяу түсірмейді, керісінше, басты кеіпкердің мінез-құлқын əр қырынан қамтуға жəрдемдеседі, оның қилы-қилы өмірдегі жағдайлар мен қиындықтар тұсында табиғи сол қалпында қарастыруға мүмкіндік береді. К і т а п т а комбаттың артық ашуын əзілге сүйеп, сыпайылықпен сездіретін адам-ақжарқын, кішіпейіл іні Жолтай Бозжановты, сабырлы, ақылды Хаби Рахимовты да автор түрлі тартымды эпизодтардағы нанымды юмор сазымен ұтымды бейнелейді. Бозжанов, Рахимов, Толстунов сияқты қарулас достарына, кейде қатты ренжіп, қатты кеткен тұстарда еріксіз ашуға егіле тұрып соңынан сабасына түскен сəттер бар. Сол жағдай туғызған мінезге өз бағасын беруі оның адамдық-азаматтық тұлғасын айқындай түседі. Егер жазушы-қаһарман тек əрекет пен бұйрық-жарлық, айғай-ұрыс көріністерін суреттеп, лирикалық шегініске жол бермегенде, немесе, Бауыржан Момышұлының жан дүниесі мен арман-мұратындағы ақ та адал, мөлдір сырлар ықшам да сыйымды түрде қамтылмағанда, бұл туындының тəрбиелік, моральдік-этикалық мəні жоғары болмас еді. Бауыржан Момышұлының тұлғасы характер тұрғысы нан аса бай, көп қырлы, өзіндік қасиеті де мол. Оның шығар шыңдары биік, түсер еңістері тік. Бұл характерде соғыс командиріне мінездік сапалар жинақталып, оқиға қоюлана түсіп, сюжет ширыққан сайын олар айқынырақ көзге түседі.
«Бір түннің оқиғасында» алғашқы үш кітапқа қарағанда оқиға қою, əрекет те көп, характерлер де кеңінен ашылған. Мысалы, үш танкімен оқ жұлып кетіп, жекпе-жекке шығып тайсалмаған Жиенішбаев, шабуылға шыққанда терісіне ілінген бір қолын ашумен жұлып алып, лақтырып тастайтын «Алатау сұңқары» Бүркіт Әлішеров, «бұйрықты орындадым, меня убли»-деп, соңғы сөзін айтап мерт болған тəжік Щирван-Заде неміс басқыншыларының танктерін өрттеп қаза болған Петр Угрюмов оққа ұшқан лейтенант Танков,Краев, Попов, Исламқұлов іспетті жауынгерлер мен командирлердің жанкешті қимылдары, көзсіз батырлықтары оларға деген құрметтен туған жылы сезіммен баяндалады. Сюжетсіз қаһарман мінез-құлқын берудің қиын екені даусыз. Кейде бір сəттік эпизодты ақ шынайы мінездің ашылуы немесе сюжет желісіндегі образдардың жан-жақты суреттелуі, ығысып жатуы шығармалардағы басты ерекшелік болып табылады. Бұл академик З.Қабдоловтың: «Бір жазушы, айталық адам мінезін қимыл –əрекет үстінде танытуға бейім болса, енді бір жазушы оның көңіл күйін, сезім сырын, ой –арманын əр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу арқылы ашуға шебер...» [6, 350] деген ойымен үндес. Автор кісі жалықтырарлық баяндаудан, қарпылмаған киіздей болбыр композициядан қашып, кейіпкер өміріндегі ерекше маңызды оқиғаларды саралап алып, оқырманның көңілін соған аударады. Бұл қаһарманның мінез-құлқының басты белгілерін алу үшін маңызды.
«Москва үшін шайқас» романында Б.Момышұлы мен Брудныйдың өзара қатынастарына жеке тарау арналған (Брудный қорқақтығы, əлсіздігі үшін жазаланады, кейін ақталып, ұрыс кезінде қайтыс болады). Командир Б.Момышұлы күзеттен өз бетімен кетіп қалған Брудныйға қарсы əдеттен тыс əдіс қолданады. Ол Брудныйды байқаса да, байқамаған сыңай көрсетеді. Оған бұрынғыдай іні есебінде емес, бағынышты адам ретінде қарайды, оған сенімсіздік білдіреді. Онсызда іштен тынып жүрген Брудный бұрынғыдан да күшті күйзеліске түседі. Ауыр жағдайдан шығудың жолын өзінше іздестіріп көреді. Автор жағдайда егжей-тегжейлі баяндап жатпастан, рота командирінің əлсіздігін (жауынгерлік күзетті өз бетімен тастап кетуін) жəне оның жан дүниесінің өзгеруіне ықпал еткен (бірлескен күрес, команидирлер мен жауынгерлермен тығыз байланыс, батальон командирінің қайта білдірген сенімі, онымен достықтың орнауы) жағдайдың атқаратын рөлін дəлелді түрде бейнелейді. Қорқақтығы, жақсы командир бола алмағаны үшін айыпталған Брудный батальон команд

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет